Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ «Қазақстанда орта білім берудің жағдайы және  оның  сапасын көтеру жолдары». – атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Сейсенбі, 20 маусым күні сағат  11:00 –де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында  (Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 61а үй, 3 қабат) Қазақстан педагогика ғылымдары Академиясының баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатының тақырыбы – «Қазақстанда орта білім берудің жағдайы және  оның  сапасын көтеру жолдары».

Баспасөз мәслихатына Қазақстан педагогика ғылымдары Академиясының президенті, академик Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, Қазақстан Еңбек Ері, Қазақ КСР халыққа білім беру үздігі Аягүл МИРАЗОВА, педагогика ғылымдарыныңдокторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры  Шәркүл ТАУБАЕВА,  №130 орта мектептің директоры Ардақ СМАҒҰЛОВА, EDTECH-KZ Халықаралық білім беру орталығының бас директоры Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қайнар» университетінің проректоры Фаузия СӘМЕТОВА, №105 гимназияның бастаушы сынып оқытушысы Наталья НОВОСОЛЬЦОВА қатысады.

Ғалым-компаративист Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ Отандық білім беру жүйесінің дамуы мен әлемнің жетекші елдерінің білім жүйелерін зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасында Орта білім беру сапасын көтерудің ғылыми негізін дайындады. Соның негізінде Орта білім беру сапасын көтерудің Кешендік бағдарламасын жасау қажеттігін ұсынады,бұл бағдарлама 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын Орта білім беру саласына қатысты толықтыратын болады.

Оны  жүзеге асыру үшін Үкімет тарапынан қосымша қаржы талап етілмейді.

Агенттіктің баспасөз орталығына журналистік куәлікпен кіруге болады.

Аккредитация үшін телефондар: (+7-727) 250 35 28,e-mail: press2@interfax.kz .

 

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version