-26 C
Нур-Султан
26.02.2021

Астананың ең үздік он мектебі.

Астана қаласының білім басқармасы «ҚазАқпарат» тілшісіне елордадағы ең үздік мектептердің тізімін жария етті. 

Ведомствоның хабарлауынша, Астанадағы мектептердің рейтингі жыл сайын «Ең үздік орта білім беру ұйымы» және «Ең үздік инновациялық мектеп» байқаулары кезінде анықталады. Олардың қорытындысы бойынша қала әкімінің гранты табысталады.

«Астана дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын оқушылардың барлық деңгейдегі олимпиадаларда, ғылыми және зияткерлік жарыстардағы нәтижелеріне қатысты рейтингтік зерттеу жасап отырады.

«Астана дарыны» өткізетін рейтингтік зерттеулердің нәтижелерін тіркеу арқылы жұмыстағы олқылықтар мен кемшін тұстарды дер уақытында анықтап, оның алдын алуға, білім беру жүйесінің және жекелеген білім ұйымдарының даму болашағын болжауға, дарынды балаларды анықтауға, оларды қолдап, ары қарай дамытуға және елордалық білім беру саласының зияткер элитасын қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп есептейді білім басқармасы.

2015-2016 оқу жылында Астана қаласының 94 мектебі атынан аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда, ғылыми және зияткерлік жарыстарға («Ғасырдан ғасырға», «Елордалық білім беру ұйымдарының көшбасшысы», «Полиглот», «Жұлдызды жол» және тағы басқа) қатысқан оқушылардың нәтижелері бойынша рейтингтік зерттеулер жүргізілді.

Астанада 94 мектебінің ішінде 15 мектеп ең үздік нәтижелер көрсетті: №3 мектеп-гимназиясы (Е.В. Шеверняева), №66 мектеп-лицейі (А.Е. Шаяхметова), №70 мектеп-лицейі (М. К. Қазиева), №60 мектеп-лицейі (А.Ж. Дүйсенова), №71 мектеп-лицейі (Ш.А. Әубәкірова), дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі (А.С. Сексенова), №48 мектеп-лицейі (З.Ж.Садықова), №50 мектеп-лицейі (Р.А. Болатаева), №73 мектеп-лицейі (Қ.А. Байтажықова), №54мектеп-лицейі (Г.К. Әмрина), дарынды балаларға арналған №82 «Дарын» мектебі (Ж.Б. Қасымбек), №64 мектеп-лицейі (Р.А. Бұламбаева), А. Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы (Р.Ф.Өміррбаева), №40 орта мектебі (Е.И. Іргебай) және №6 гимназия (Т.К. Крылова).

Дерек көзі: ҚазАқпарат. 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...