Сағадиев 2017 жылы енгізілетін ҰБТ жаңалықтарын түсіндірді

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін жаңалықтарды түсіндіріп берді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазір ҰБТ бойынша түпкілікті жоба әлі жоқ. Ол педагогикалық қоғамдастық талқылауына ұсынылады. Жалпы, жоба талқылауға дайын тұр. Ол мектептерде бірнеше пәннен түлектердің емтихан тапсыруына қарастырады. Ал ҰБТ  жалғыз ғана, сұрақтар құрылымы өзгеріске ұшырайды», —  деді ол.

Оның нақтылай түсуінше, жобада 100-ден астам сұрақтың болуы көзделген.

«Оның 60 сұрағы математикаға, жылдам оқуға, түсінуге қатысты болады. Ол барлығына да бірдей. Талапкердің болашақта таңдайтын мамандығына қатысы бар 60 сұрақ  30 сұрақтан 2 блогқа бөлінген.  Егер шартты түрде айтар болсақ, түлек медицинаға түсетін болса, онда ол 60 стандартты сұраққа жауап береді. Оның 30 сұрағы биологияға, ал келесі 30-ы химияға қатысты. Ұпай жинайды. Қалған процедура айтарлықтай өзгеріссіз қалады»,-  деді Е.Сағадиев. 

Оның сөзіне қарағанда, бұл жоба қазіргі уақытта толықтай дайын және педагогикалық қоғамдастықтың шағын бөлігіне талқылауға берілген.

«Талқыланғаннан кейін біз жобаны ҚР БҒМ сайтында жариялап, пікір қабылдай бастаймыз», — деді министр.

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version