ҮШТІЛДІЛІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МҮДДЕСІ

Еліміздің мектептерінде үштілді білім беру жүйесін енгізу жайындағы шешім қоғамда қызу талқыға түсті. Аталған мәселеге қатысты ұстаздар қауымы, ата-аналар мен жас өспірімдер алаңдаушылық білдіруде. Ол түсінікті де, өйткені бұл жоба іске асатын болса ұзақ мерзімде жалпы мемлекеттік сипат алмақ. Отандық сарапшылар сырт көзге игі болып көрінген бастама түбі қазақ тілінің тұншығуына әкелуі мүмкін деп дабыл қағуда. Оның салдары тұтастай ел үшін, әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақ үшін зор келеңсіздіктерге әкелуі ықтимал.

Жағдай шын мәнісінде түйткілді ме? Шенділердің бұл бастамасының астарында не жатыр? Орта білім беру жүйесінің кезекті реформасы қандай нәтиже беруі мүмкін? Мемлкеттік тілді оқыту мен қатар шет тілдерін қоса меңгеру турғысында әлемдік тәжірибе не дейді? Ұлтқұраушы осындай маңызды істе таразы басын теңестіру мақсатында не істеу керек?

Көтеріліп отырған мәселелерді пысықтап талдау үшін IQ — Intellectual Qazaqstan студиясы сараптамалық жиын өткізді. Оған Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев, Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім және танымал қоғамдық қайраткер әрі публицист Әміржан Қосанов мырзалар қатысты.

exclusive.kz

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version