Home Керекті кеңес Астана қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астана қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

0
Астана қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке керек жабдықтарды арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеден төмендетілген бағамен сатып алуға болады. Жәрмеңке қала әкімдігінің алдындағы алаңда өтіп жатыр және екі күнге жалғасады, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Мектеп жәрмеңкесінде Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының өндірушілері өз тауарларын ұсынуда.

Сағат 10-нан бастап астаналықтар балаларына мектеп формасын, спорттық костюмдер мен аяқ киімдер таңдап, кеңсе заттары мен кітаптарды 10-­50% жеңілдікпен сатып алуда.

Астана қаласының білім басқармасы кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарованың айтуынша, бірінші кезекте жәрмеңке тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға көмектесуге бағытталған, оның басты мақсаты елордалық балаларды мектепке қажетті заттармен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, шара барысында халыққа кеңес беретін қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істейді. Көпшілік назарына Оқушылар сарайыларының, музыка және өнер мектептері ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Айта кетейік, шара жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында өткізіліп жатыр. 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here