-22 C
Нур-Султан
28.11.2022

Алдағы оқу жылында Астана мектептерінде 129 мыңға жуық оқушы оқиды

Елордада 2016-2017 оқу жылында 363 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 94 мектепте 129 мыңға жуық оқушы оқитын болады. 6-7 жастағы 20 972 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. Биылдан бастап бірінші сынып оқушылары бес күндік оқу жүйесіне көшеді. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен брифингте Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев мәлім етті, — деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа оқу жылында тек бірінші сыныптар ғана бес күндік оқу жүйесімен білім алады. Балалар 1 қыркүйектен 1 маусымға дейін 35 апта оқиды.

– Бірінші сынып оқушылары бес күндік оқу жүйесіне еш қиындықсыз ауысады, олар көп жылдан бері аптасына бес күннен оқып жүр. Қазіргі кезде білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқулықтар сатып алынды, – деді ол.

Бірінші сынып оқушылары бірыңғай оқу-әдістемелік кешен бойынша білім алады, «Жаратылыстану» және «Көркем еңбек» пәндері, 5-7 сыныптарда «Робототехника» элективті курсы енгізіледі.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл оқулықтармен мәселелер болмайды. 10 тамыздан бастап барлық мектептерде сынып жетекшілері кітап тарата бастайды.

– Дүкенге барып, ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ. Оқушылардың бәрі де оқулықтармен қамтамасыз етіледі, – деді ол.

Мектеп формасына келсек, бұл мәселе ата-аналар жиналысында талқыланады. Бүгінде 75 білім беру мекемесінде мектеп формасы енгізілді.

– Мектеп формасының фасоны мен түсін таңдауға Білім басқармасының еш қатысы жоқ, оның бәрі ата-аналар жиналысында, алқалы отырыста хаттама арқылы шешіледі. Егер ата-аналар бірыңғай формаға көшуге дайын болса, ол жүзеге асырылады, — дейді Басқарма басшысы.

Жыл соңына дейін №26 мектепте, коррекциялық мектеп-интернатында, №17, 22 мектептерге жапсарлас салынған ғимараттарда бірыңғай форма енгізіледі.

Сонымен қатар, биыл 480 орындық екі балабақшаның құрылысы басталды, жыл соңына дейін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында 720 орындық тағы да үш балабақша салынады.

– Мектепке дейінгі білім беру өзекті мәселелердің бірі. Күн сайын Астанада 70 жуық бала дүниеге келеді, миграцияны ескерсек, 80-100 бала есепке тұрады. Бүгінгі таңда 95 мемлекеттік балабақша жұмыс істеп жатыр. Жаңа оқу жылында олар жеке қабілеттіліктерін ескере келе, балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған жаңартылған бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ, 54 жеке меншікті балабақшада мемлекеттік тапсырыспен 4890 орын ашылды, бірінші жартыжылдықта жалпы кезекте тұрған 8000 астам балаға орын берілді. Жаңа балабақшаларды ашу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы шағын және орта бизнесті де тартып отырмыз.  Осы мәселе бойынша азаматтарды қабылдау әр бейсенбі сайын жүргізіледі, – деді Қ. Сенғазиев.

Брифинг барысында техникалық және кәсіптік білім беру мәселесі де қозғалды. Қазіргі кезде оқушылар контингенті 26 722 адамды құрайды, 34 колледждің 18-нде дуальді білім беру енгізілді.

Өткен жылдан бері бес колледжде тәжірибе түрінде ағылшын тілінде кадрларды даярлау жүргізіліп жатыр, бұл колледж түлектеріне ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға мүмкіндік береді. 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...