ҚР БҒМ ЖОО ректорларын тағайындаудың жаңа ережелерін енгізеді…

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік ЖОО ректорларын тағайындаудың жаңа ережелерін енгізеді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Бұрын жоғарғы оқу орындарының ректорлары ҚР Білім және ғылым министрінің жеке шешімімен тағайындалатын.

Биылдан бастап мемлекеттік ЖОО ректорлар сайлау арқылы тағайындалады. Ашық конкурс негізіндегі іріктеуді ғалымдардан сондай-ақ бизнес, жергілікті атқару органдары және қоғам өкілдерінен құралған  университеттің Қадағалау кеңесі өткізеді.

Ректор лауазымына үміткерлер іріктеудің негізгі критерийлеріне толықтай сай келіп, университеттің даму бағдарламасын ұсынулары тиіс. Үміткер мақұлданған жағдайда, Қадағалау кеңесі өз шешімін Републикалық конкурстық комиссияға жолдайды. Қадағалау кеңесі қолдаған кандидаттар саны үш адамнан кем болмауы керек. Алғашқы іріктеуден кейін үміткерлер ҚР Премьер-министрінің әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарының жетекшілігіндегі Республикалық комиссияда сұхбаттасудан өткізіліп, алқалы негізде соңғы шешім қабылданады.    

Мемлекеттік ЖОО ректорларын сайлау ең алдымен лауазымға тағайындалудың айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етпек. Сонымен қатар, конкурстық іріктеу нәтижесінде ең жақсы деп табылған ЖОО-ның даму бағдарламасын қабылдауға мүмкіндік береді. 

ЖОО-ның Қадағалау кеңестерінің тізімдері қалыптастырылғандықтан, олар университеттердің сайттарында ашық жариялануы тиіс. Мемлекеттік ЖОО ректорлары лауазымдарына үміткерлерді іріктеу таяу кезеңде басталады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен. 

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version