29 C
Нур-Султан
30.05.2023

ҚР БҒМ ЖОО ректорларын тағайындаудың жаңа ережелерін енгізеді…

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік ЖОО ректорларын тағайындаудың жаңа ережелерін енгізеді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Бұрын жоғарғы оқу орындарының ректорлары ҚР Білім және ғылым министрінің жеке шешімімен тағайындалатын.

Биылдан бастап мемлекеттік ЖОО ректорлар сайлау арқылы тағайындалады. Ашық конкурс негізіндегі іріктеуді ғалымдардан сондай-ақ бизнес, жергілікті атқару органдары және қоғам өкілдерінен құралған  университеттің Қадағалау кеңесі өткізеді.

Ректор лауазымына үміткерлер іріктеудің негізгі критерийлеріне толықтай сай келіп, университеттің даму бағдарламасын ұсынулары тиіс. Үміткер мақұлданған жағдайда, Қадағалау кеңесі өз шешімін Републикалық конкурстық комиссияға жолдайды. Қадағалау кеңесі қолдаған кандидаттар саны үш адамнан кем болмауы керек. Алғашқы іріктеуден кейін үміткерлер ҚР Премьер-министрінің әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарының жетекшілігіндегі Республикалық комиссияда сұхбаттасудан өткізіліп, алқалы негізде соңғы шешім қабылданады.    

Мемлекеттік ЖОО ректорларын сайлау ең алдымен лауазымға тағайындалудың айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етпек. Сонымен қатар, конкурстық іріктеу нәтижесінде ең жақсы деп табылған ЖОО-ның даму бағдарламасын қабылдауға мүмкіндік береді. 

ЖОО-ның Қадағалау кеңестерінің тізімдері қалыптастырылғандықтан, олар университеттердің сайттарында ашық жариялануы тиіс. Мемлекеттік ЖОО ректорлары лауазымдарына үміткерлерді іріктеу таяу кезеңде басталады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен. 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстан құрама командасы физикадан Азия олимпиадасында үш медаль иеленді

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасы (APHO) 21-29 мамыр аралығында Моңғолия Республикасының Ұланбатыр қаласында өтті. Оқушылар олимпиадада (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды...

Елімізде ұстаздарға арналған конкурс басталды

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Өрлеу» біліктілікті...

Жаңа басшы: Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «13 жылға жуық қызмет...

Мектеп оқушылары Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың...

Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында...