20 C
Нур-Султан
25.09.2023

Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2008 жылы Астанада алғашқы зияткерлік мектебі ашылды. Бес жылдың ішінде Зияткерлік мектептері еліміздің барлық өңірлерінде ашылған еді. Бүгінде бұндай білім ошақтары бас шаһардан бөлек Көкшетау, Талдықорған, Семей, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Қостанай, Петропавл, Ақтау және оңтүстік астанамыз алматы қалаларында жұмыс істеп тұр.

Зияткерлік мектептерінде жоғары білікті педагогтар дәріс береді, мектеп заманауи ғылыми-зертханалық және интерактивті мультимедиялық жабдықпен жарақтандырылған. Зияткерлік мектебінің осы және басқа да ерекшеліктері балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды.

Назарбаев Зияткерлік мектептері 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін балаларды оқуға қабылдайды. Оқу үш тілде жүргізіледі — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Мектептің екі негізгі бағыты бар — физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттар. Елімізде тек Алматы, Шымкент, Астана қалаларында ғана осы екі бағыттағы мектептер қатар жұмыс істеп тұр.

1-сыныпқа қалай түсуге болады?

Оқуға түсу үшін барлық балалар екі кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтуге тиіс. Алайда 1-сынып оқушылары үшін бұл талап жарамсыз екені айтпаса да түсінікті. Осы тұста әр ата-ана баласын Зияткерлік мектепке 1-сыныпқа қалай берсем болады деген сұраққа жауап іздейді. Оған жауап: 1-сыныпқа түсу Зияткерлік мектебінің жанындағы бала бақшадан бастауыш мектепке конкурстан тыс тікелей ауыстыру арқылы іске асырылады. Бұл ретте, түсер алдында балалар психология-педагогикалық тексеруден өтеді.

2-6-сыныптарға оқуға түсу шарты бөлек. Мұнда:

— математика;

— қазақ тілі;

— орыс тілі;

— дүниетану (2 — 4-сынып үміткерлері үшін);

— ағылшын тілі пәндерінен конкурстық іріктеу өтеді.

Оқушылар сынның екінші деңгейіне өту үшін 30 балдан жоғары ұпай жинауы тиіс. Бірінші кезеңнің нәтижелері жарияланғаннан кейін екі күн өткен соң екінші кезең өткізіледі. Осы кезеңнің негізгі мақсаты — математика бойынша Зияткерлік мектебінде оқуға деген даярлық деңгейін анықтау. Бұл жерде ескеретін жайт, 5-6-сынып оқушылары үшін екінші кезеңге өтуге 15 балдан жоғары ұпай жинауы керек.

7 — 11(12)-сыныптарға оқуға түсу кезінде үміткер оқушылар ҚР Бірінші Президентінің «Өркен» білім беру грантын жеңіп алу үшін бақ сынайды. Грант дарынды балаларға арналған және білім алушының оқу ақысын толық өтейді. Грантты конкурстық іріктеуден табысты өткен кезде алуға болады. Конкурс екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде Зияткерлік мектептерінің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша кешенді тестілеу өткізіледі.

Конкурстың екінші кезеңі бірінші кезең өткізілгеннен кейін екі күннен соң өткізіледі. Екінші кезеңге жалпы сұрақтар санынан дұрыс жауаптардың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлер жіберіледі.

Екінші кезеңде мектептердің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі.

Жазбаша жұмыс әр пән бойынша үш деңгейлі күрделілігі (А, В, С) бар 5 тапсырмадан тұрады. Ал конкурс нәтижелері мектеп ғимаратындағы стендтерде немесе «Назарбаев зияткерлік мектептері» сайтында орналастырылады. Қажетті балл санын жинаған, бірақ бос орындарының болмауына байланысты Зияткерлік мектебіне қабылданбаған үміткерлер резерв тізіміне енгізіледі. Осы тізім де «Назарбаев Зияткерлік мектептері» сайтында орналастырылады. Егер оқу жылы ішінде орын босаған жағдайда, Зияткерлік мектебінің директоры резервтік тізімдегі үміткерді конкурстық іріктеусіз қабылдауға құқылы.

7-11 сыныптарда ақылы негізде оқу қарастырылмайды, осы сыныптардың барлық үміткерлері «Өркен» білім беру гранты бойынша оқиды. Егер оқушы «Өркен» грантының иесі болып, оқу жылының соңында үлгерім табелінде ең болмаса бір «нашар» бағасы болса, онда ол грантынан автоматтық түрде айырылады. Бұл ретте, грантты мектеп жыл сайын өткізетін конкурстан өту нәтижелері бойынша қайта алуға болады.            

Ербол Жанат

Дерек көзі: ҚазАқпарат

-ЖАРНАМА-

2 КОММЕНТАРИИ

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...