Home Жаңалық 2016 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары

2016 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары

0

2016 жылы жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыру туралы анықтама

Ағымдағы жылы жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс 31 702 грантты, оның ішінде сырттай бөлімде 300 грантты, жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне – 2500 орынды, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін – 450 орынды құрайды.

Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінен 3 162 грант «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» (Серпін-2050) бағдарламасы бойынша, оның ішінде 1000 грант — педагогикалық, 1717 – техникалық, 345 – ауыл шаруашылығы және 100 орын медициналық мамандықтарға қарастырылған.

Мемлекеттік тапсырыс аясында қабылдау үшін Назарбаев Университетіне (700), А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне (200), М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалына (125), Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филилалына (45), Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне (500), Қаржы академиясына  (50) және Қазақ-Британ техникалық университетіне (200) мақсатты орындар бөлінген.

Мемлекеттік тапсырыс келесідей бөлінді: педагогикалық мамандықтарға – 5000, гуманитарлық ғылымдар – 700, құқық – 100, өнер – 170, әлеуметтік  ғылымдар – 700, жаратылыстану ғылымдары – 1470, техникалық ғылымдар және технологиялар – 12593, әскери іс және қауіпсіздік – 60, медициналық мамандықтар – 3000, ауыл шаруашылығы және ветеринария – 2690.

Магистратурада мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс 7429 орынды, оның ішінде бейінді магистратураға 3000 орынды құрайды.

PhD докторантурадағы мемлекеттік тапсырыс  628 бірлікті құрайды, оның ішінде 43 орын Назарбаев Университетіне бөлінген.

2016-2017 оқу жылына арналған студенттер контингентін қалыптастыру келесі кезеңдерді қамтиды:

Бірінші. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 112 жоғары оқу орнының базасында 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізіледі.

Барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиясы жұмыс жүргізуде.

Талапкерлердің кешенді тестілеуі 44 жоғары оқу орындарының базасында 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

Кешенді тестілеу кезінде базалық жоғары оқу орындарында мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар жұмыс жүргізетін болады. Республикалық апелляциялық комиссия құрылады.

Бүгінгі күні Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Жекелей алғанда, ҰБТ мен кешенді тестілеуді қайта тапсыру, сонымен қатар күндізгі оқу нысаны бойынша бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейінгі мерзімге қайта ҰБТ мен кешенді тестілеуден өтпеген тұлғаларды қабылдау мүмкіндігі бойынша нормаларды енгізу көзделген.

Шекті балды алмаған ҰБТ мен кешенді тестілеудің қатысушылары үшін, сондай-ақ ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін және ҰБТ мен кешенді тестілеу нәтижелері жойылған қатысушылар үшін жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ мен кешенді тестілеу қайта өткізіледі.

Қайта тестілеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарында 1-8 тамыз аралығында, қайта ҰБТ мен кешенді тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі.

Қайта тестілеуге қатысу үшін оқуға түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш(link is external), жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжат (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3×4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама(link is external), жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын (бар болса) тапсырады.

Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 70 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 65 балл жинаған ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.

Ал шекті балл келесі пәндер бойынша балды: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндерден кемінде 4 балды қамтиды.

Қайта тестілеу нәтижелері бойынша белгіленген шекті балды алмаған талапкерлердің күндізгі оқу нысаны бойынша бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейінгі мерзімге ақылы негізде қабылдану мүмкіндігі бар.

Бірінші академиялық кезең аяқталғаннан кейін осы санаттағы тұлғалар 20-24 қаңтар аралығында қайта тестілеуден өтеді. Тестілеуді сәтті тапсырса, өткізілген пәндер бойынша игерілген кредиттерді есепке ала отырып, ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылданады.

Екінші. Арнаулы және шығармашылық емтихандарды өткізу

Шығармашылық мамандықтарға түсушілер шығармашылық емтихандар тапсырады.

20 маусым мен 1 шілде аралығында шығармашылық мамандықтарға өтініштер қабылданады. Шығармашылық емтихандар 2-7 шілде аралығында өткізіледі және 25 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Шығармашылық емтихан 32 мамандық бойынша өткізіледі.

Ағымдағы жылдан бастап, педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қабылдайтын арнаулы емтихан тапсыратын болады.

Арнаулы емтихан 25 педагогикалық мамандық бойынша өткізіледі.

Арнаулы емтиханға қатысу үшін өтініштер 20 маусым мен 4 шілде аралығында жүргізіледі. Емтихан 5-14 шілде аралығында өткізіледі және «жіберілді»/ «жіберілмеді» ұстанымы бойынша бағаланады.

Тиісінше барлық педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнына түсуші  талапкерлерге (ағымдағы жылғы және алдағы жылдардағы мектеп бітірушілеріне, колледж бітірушілеріне) белгіленген мерзімде арнаулы емтихан тапсыру қажет.

Педагогикалық кәсіпке «өткен» талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдану үшін педагогикалық мамандықты таңдау құқығы бар.

Педагогикалық кәсіпке «өтпеген» жағдайда талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына таңдау пәніне сәйкес басқа мамандықтар бойынша қатысуға құқығы бар.

Үшінші. Мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау

23-31 шілде аралығында барлық жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады.

Талапкерлер өз өтініштерінде 4 мамандықты және 4 жоғары оқу орнын көрсетуге құқы бар.

Төртінші. Білім беру гранттарын беру бойынша конкурстық комиссияның кеңесін өткізу

10 тамызға дейін Білім беру гранттарын беру бойынша республикалық конкурстық комиссияның кеңесі өткізіледі, содан кейін республикалық БАҚ-та білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланады және білім грантын беру туралы куәлік беріледі.

Бесінші. Жоғары оқу орындарына қабылдау

Жоғары оқу орындарына қабылдау 10-28 тамыз аралығында жүргізіледі.

edu.gov.kz

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version