-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

Павлодарлық айтыскер ақынның математика пәніне арналған оқулығы Астанада үлкен сұранысқа ие болуда…

Павлодарлық жас ғалым Серікболсын Дүйсембай Назарбаев Зияткерлік мектептері мен қазақ-түрік лицейлеріне түсушілерге арналған тест тапсырмалары мен логикалық есептер жинағын жарыққа шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Серікболсын Дүйсембай бүгінде Астана қаласындағы Н. Назарбаев университетінің электроника және электротехникалық инжерения факультетінің 4-курс студенті.    

rs95SMVOZms.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c416140— Бұл кітап 360 беттен тұрады. Мұнда екі мыңға тарта мәтіндік және логикалық есептер бар. Сондай-ақ оқулықта кеңістікте ойлау қабілетін арттыратын есептер де орын алған. Әзірге жүз данасы жарық көрді. Баспаға жұмсалған қаражатты өзім көтердім. Елордада оқулыққа деген сұраныс күн санап артуда. Сондықтан алдағы уақытта бұл кітапты бірнеше есеге арттыру ойда бар, — дейді С. Дүйсембай.
Автордың айтуынша, қазақ тілінде ғана жарық көрген оқулық қазіргі таңда орыс тіліне аударылып, көп ұзамай екі тілдегі нұсқасы ұсынылмақ.

Серікболсынның төртінші жыл қатарынан математика және ағылшын тілі пәндері бойынша дайындап жүрген шәкірттерінің 90 пайызы қалаған оқу орындарының студенттері атануда.

Айта кетерлігі, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының түлегі Серікболсын Дүйсембай — Үндістанда өткен халықаралық жас ғалымдар конференциясының бірінші орын иегері, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Болгарияда өткен халықаралық студенттер олимпиадасының бір күміс, екі қола жүлдегері.

Сонымен қатар жас болса да айтыс өнерінде де бағын сынап жүрген ақын жігіт ХІ халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Үздік әдеби шығарма» сыйлығына ие болған. Талдықорғанда өткен «Жыр алыбы — Жамбыл» атты республикалық оқушылар айтысының және Шапық Шөкиннің 100 жылдығына арналған аймақтық ақындар айтысының бас жүлдегері.

2010 жылы Серікболсынның «Туған жер, бесік дүние» атты алғашқы өлеңдер жинағы шыққан.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Ескерту: кітапты 8775 431 8008 нөмеріне хабарласып топ және жеке бағамен сатып алуға болады. 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...