Home Керекті кеңес АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0

Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев білім беру мекемелерінің басшыларына Білім басқармасының жаңа басшысы Қасымxан Сенғазыевты таныстырып, еңбегіне табыс тіледі.

Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы — 1981 жылдың 21 қарашасында Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін («бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы бойынша), 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін («менеджмент» мамандығы бойынша) тәмамдады. 
09.01.2002 – 25.01.2005 аралығында Алматы қаласының және Алматы облысының мектептерінде мұғалім болып еңбек етті;
14.02.2005 – 31.10.2008 аралығында Алматы қаласының жеке құрылымдарында қызмет етті;
с 01.11.2008 – 20.04.2011 – Астана қаласы Білім басқармасы №21 орта мектептің директоры;
20.04.2011 – 12.07.2013 – Астана қаласы Білім басқармасы №49 орта мектептің директоры;
12.07.2013 – 04.01.2016 – Астана қ. Білім басқармасы басшысының орынбасары;
05.01.2016– Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары.

02.06.2016 ж. бастап – Астана қаласы Білім басқармасының басшысы.

Білім беру жүйесін жетік білетін, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары азаматтың Астаналық білім жүйесіне инновациялық жаңалықтар мен жақсы қарқын әкеледі деп сенеміз!!!

kazbilim.kz 

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version