9 C
Нур-Султан
24.06.2021

Мұхамбедия Ахмет-Төреұлы. Баланың миынан гөрі асқазаны ақылды

***Еліміз тәуелсіздік алғанымен, тіліміз толық тәуелсіздік алған жоқ, әлі күнге орыс тіліне «тәуелді» аударма тіл болып тұр. АНА ТІЛІМІЗГЕ орыс тілінен құрылымдық интервенция күшейіп барады.

***Соңғы жылдары білім беру жүйесінің халықаралық стандарты туралы жамырасып айтып та жүрміз, жапа-тармағай
енгізіп те жатырмыз.

***Халықаралық стандарт дегеніміз — дүниежүзілік бір өлшемге жүгіндірудің, ортақ бір шарт арқылы жақындасудың құралы, бірақ сонымен қатар ол «дүмбісі диірмен тартқан» державалардың өзгені өзіне көндіріп алуға, өзгенің ғасырлар бойы қалыптасқан тілдік Кодын бұзуға бағытталған стандарт.

***Жыл сайын кітабыңды өзгерте беруді, «оқу бағдарламаңды жақсартамыз» деп «ойын шартын» мың құбылтуды талап ететін батыстық стандарттың «қамқорлы қолтығынан» дидактикалық диверсияның иісі сезіледі.

**Педагогиканың дидактикалық методологиясы жүйесіздікке ұшыраған кезде надандық бас көтереді. Сапасыздықтың саны көбейеді. Тоқмейілсіген топтастық, сауаттылығы кеміген сана кез келген саясатты талғамай сіңіре салады.

«Бір ұлттың тілі бұзылса сол ұлттың келешегінен үміт күтуге болмайды» — деген екен Конфуций .
—«Без полнокровного языка не может быть полнокровной нации». (Н. Назарбаев)
—«Национальное сознание формируется национальным языком». (Н. Назарбаев) ……Өте ақылды сөздер…

***1992 жылы шыққан халықаралық лингвистикалық энциклопедияның мәліметіне сенсек, 6300 тірі тіл бар деп жазылған. «Әлем тілдерінің жартысы өледі» делінген. 
.
***Тарих бетін парақтасақ, XVIII ғасырдан бері Австралия құрлығында 250 тілдің 20-сы ғана қалған. XVI ғасырда Бразилияны Португалия жаулап алғалы 540 тіл жойылып кеткен..

***Мұндай кесел, негізінен, отарлау саясатының салдарынан туындайтындығы белгілі.

***Лингвист Майкл Краустың пікірінше, 100 жылда 1 200 ай бар, әр айда 2 тіл өледі екен.

***Солтүстік Америкада 187 жергілікті тіл бар дейді лингвистер. Сол 187 тілдің бәріне қазір ағылшын тілі қауіп төндіруде. Яғни олар жойылғалы тұр» дейді.

***5-6-7 жастағы балалардың информацияны қабылдауы, есіне сақтау қабілеті, эмоциялық тұрғыдан алғанда, әртүрлі болады. Балалардың бәрі бірдей вундеркинд емес.

***Бұл жастағы балалардың көбісі күрделі ұғымды бейнелейтін сөздерді қорыта алмайды, автоматты түрде ғана қабылдап алады. Есейе келе ғана қорыта бастайды.

***Данышпан қазақ баяғыда айтып қойған «жетіге келгенше жерден таяқ жейді» деп. Жаратылыс заңы бойынша анатомиясы да, физиологиясы да, психологиясы да қалыптасып үлгермеген баланың миына күрделі үштілдік ақпарат тасқынын күшпен тықпалау – қиянат.

***Баланың миынан гөрі асқазаны ақылды, өйткені асқазан жақпайтын тамақты құсып тастайды. Ал, ми не берсең соны сіңіріп алады. Уланып қалғанын сезбейде қалады.

***Кез келген ұлт баласы ұлттық құндылықтарын алдымен АНА тілінде сіңіріп алу керек. «Жерден жейтін таяғын» жеп жетілмеген, тіпті 5-6 жаста сүттістері де тұрақты тіске ауысып үлгермеген ойын баласының миына артық жүктеме беру зиян.

***Жапондықтардың 12 жасқа дейін негізінен тек ана тілінде оқытып, бала санасына тек ұлттық құндылықтарды сіңіріп, мықты фундамент салып алып барып, кейін өзге тілдерді енгізетіні бекер емес.

***Қазақтың 12 жас мүшел деген ұғымы да бекер емес. Бала организмі 12 жасқа дейін толық қалыптасып үлгермейді.

***Санасы  нығайып  ес  білді  деп  жүрген  жоғары  сынып  оқушылырын  да,  ЖОО  студенттерін  де  тек  тест  арқылы  оқыту  —  «поле чудес»  ойынын  ойнатқанмен  тең.  Мединститутты  алты-жеті,  тіпті сегіз  жыл   тестпен  оқып  шыққан жас  дәрігерлеріміздің  көбісі   науқастың  жан жарасын  жеңілдетер тіл  тауып,  жөні  түзу  сөйлесе  алмайтын  халге түсті.

***Ғылым  саласындағы   «импак-фактор»  деген  талап  та   қазақ  ғалымы  үшін «инфаркт-фактор»  болып барады.

***Қазақстанның білім беру саласындағы жасалып жатқан реформалар –  мылтық атпай-ақ, жарылыс жасамай-ақ ұлтымыздың  тілін біртіндеп  жоюға бағытталған ұзақмерзімді жоспар.

P.S. Тілге қатысты   өткізілген  бір  дөңгелек үстелге қатысқан зиялы қауым алдында 5 минуттық сөз сөйлеген едім. Айтар сөзімнің әр абзацын арнайы слайд түрінде жасап алып барғанмын…  

                                                                                ( Мұхамбедия Ахмет-Төреұлы )

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...