7 C
Нур-Султан
22.09.2021

Арыстанбек Мұхамедиұлы. Елбасы үш тілдікті де тоқтатты

Министрдің айтуынша, зиялы қауым өкілдері білім және ғылым министрі Ерлан Сағадивтен аталған өзгерістерді асықпай енгізуді жалынып тұрып сұраған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Тіл саясатын дамыту оңай емес. Шынын айту керек, жер мәселесі қозғалардың алдында үш тілдікке қатысты қозғалыс болған. Сол кезден бастап өзіміз икемсіз қимылымызбен халықтың көңілін біршама өзгертіп алдық да, оның үстіне жер туралы кодексті кіргіздік. Сонымен қазір мүлдем ыңғайсыз жағдайда отырмыз», — деді министр бүгін мәдениет және спорт жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында.

20160406092855Министрдің айтуынша, бұған дейін зиялы қауым өкілдері үш тілді оқыту жүйесімен асықпауды сұраған. «Бір жиналыс болды, шыны керек. Міне, Мырзатай (Жолдасбеков – авт.) ағамыз отырды, Нұрлан Оразалин отырды. Менің коллегам (білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев – авт.) отырды. (Ағалалар – авт.) жалынып тұрып айтты, осы үш тілдікті асықпайықшы деп, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін әзірше қоспайықшы, тұра тұрайық деп. Алдымен филологияны реттеп алайық. Әдебиетті…Бір сағат екеуі екі жақтан жалынды. Жоқ, қоймай, ендігі аптада заң қабылдаймын, сүйтем-бүйтем деді. Қазір енді көріп тұрсыздар, Елбасы үш тілдікті де тоқтатты, 12 жылдық бар, жаздық каникул бар. Әрине, ойы дұрыс. Бірақ соны ақылдаспай шешемін дегені кері әсерін тигізіп жатыр», — деп атап көрсетті А.Мұхамедиұлы.

Дерек көзі: Baq.kz

Түп нұсқадағы тақырып: Үш тілді оқыту мәселесінен кейін халықтың көңілі өзгеріп кетті

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білім министрлігі барлық өңірлеріндегі жауапты басшылардың ұялы телефонын жариялады

Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады. «Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің...

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл...

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді....

Дүние­жүзілік үздік ұстаздардың топ елулігінде қазақстандық мұғалім бар

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі...

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп,...