Home Керекті кеңес Э.Суханбердиева ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Э.Суханбердиева ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

0
Э.Суханбердиева ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Бүгін  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұжымға жаңа вице-министр Эльмира Суханбердиеваны таныстырды. Э. Суханбердиева осыған дейін Астана қалалық білім басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын. Ал, бұған дейін бұл міндетті Есенғазы Нұртөлеуұлы Иманғалиев атқарған болатын, – деп хабарлайды Қазбілім порталы тілшісі.

СУХАНБЕРДИЕВА ЭЛЬМИРА АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ

Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келді.

1995 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін, 2006 жылы Халықаралық еңбек академиясын «заңгер бакалавры» мамандығы бойынша, 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын (МВА) «Іскер әкімшіліктендіру магистрі» мамандығы бойынша бітірді. Психологиялық ғылымдар кандидаты ғылыми атағы бар.

   1989 жылы Шевченко қаласындағы № 16 орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.

   1989-1995 жылдары Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті.

1995-1996 жылдары Талдықорған облысы «Алтынай» балабақшасының тәрбиешісі.

         1996-1997 жылдары Талдықорған облысы № 53 Матай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.

         1997-1998 жылдары Алматы облысы Энергетик кентіндегі № 38 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі. 1998 жылы осы мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

         2000-2002 жылдары Алматы облысы Іле ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадр жұмысының бас маманы.

2002-2005 жылдары Алматы қаласы «Ай-Нұр» жеке меншік лингвистикалық гимназияның атқарушы директоры.

2005 жылы Алматы облысы Іле ауданы № 7 орта мектептің директоры болып тағайындалды.

2007 жылдан бастап «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасының бас маманы, 2009 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ аппарат басшысы болып қызмет атқарды.

2009 жылы «Arna Media Services» ЖШС бас директорының әкімшілік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.

2009 жылы қазан айында Астана қаласы № 60 мектеп-лицей директоры қызметін атқарды, онда 2013 жылғы желтоқсан айына дейін жұмыс істеді.

2012 жылғы қаңтар айынан бастап астана қаласы Мәслихатының V шақырылымының депутаты болып сайланды.

2013 жылдан бастап 2016 жылғы сәуірге дейін – Астана қаласы Білім басқармасының басшысы.

Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хаттарымен  марапатталды.

2011 жылғы білім беру саласына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

2012 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Мектеп басшысы ретінде «Үздік мектеп» кубогы екі рет тапсырылды (2004 ж., Алматы облысы және 2010 ж., Астана қаласы).

2015 жылғы тамызда астаналық білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Ы.Алтынсарин» атындағы белгімен, сондай-ақ «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапатталды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімі «Үздік Мекеме» кубогын тапсырды.

2015 жылы ҰБТ қорытындысы және халықаралық және республикалық ғылыми жобалар жарыстарының нәтижесі бойынша Астана қаласы республикалық рейтинг бойынша 1 орынды иеленді.

Менеджмент және басқару бойынша бірнеше мақалалардың («Білімдегі жаңалықтар», «Білім», «12-жылдық білім беру», «Білім ұйымдары басшыларының анықтамалығы», «Қазақстан мектебіндегі тарих», «Қазақ ұстазы», «Астана» республикалық ғылыми-әдістемелік журналдары), «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «Столичное образование» газеттерінде мақалалар авторы.

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here