20 C
Нур-Султан
26.07.2021

БАЛАНЫ КІТАП ОҚУҒА ҚЫЗЫҚТЫРУ

Бала өскен сайын ата-аналар əртүрлі суретті кітаптардан бастап, қызықты оқиғалы ертегілерге көшеді. Бірақ, оны өздері оқып береді. Есейе келе, 4-5 жастан бастап бала əріп танып, оқи бастайды. Бала үшін ол екі жұмыс болып табылады: бірінші, əріптерді танып, оқу; екінші, оқығанның мағынасын түсіну. Осындай кездері баланың қызығушылығын жоғалтып алмаудың жəне титтей де қызығушылығы жоқ баланы оқуға тартатын бірнеше əдістер бар.

Кассиля əдісі
Өте қызықты бір кітапты бастаңыздар. Ең қызықты жеріне келгенде, бір шаруаңызды сылтауратып баланың өзіне қалдырып кетіңіз. Көрерсіз, балаңыз əрі қарай өзі оқып бітіреді.

Рөлдік əдіс
Кітапты автор мен кейіпкерге бөліп алып, кезегімен оқыңыздар.

Бас кейіпкерлер əдісі
Сіз балаңыздың сүйікті кейіпкері кейпінде боласыз. Өзара хат жазысасыздар немесе ол сұрақ қояды. Баланы жалықтырып алмайтындай, жағымды хаттар жолдап тұрасыз.

Көмектесу əдісі
Үй шаруасын жасау барысында балаңыздан өзі оқуын сұрап көріңіз. Əсіресе, жаңалықтарды, тамақ рецепттерін оқып беруін өтінсеңіз, қуана жасайды.

БАЛАЛАРДА КІТАП ОҚУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Баланы кітап оқуға үйретуге арналған қарапайым және нәтижелі әдістер:

— Әріп-магниттер сатып алыңыз да, тоңазытқышта балаңызға хабарлама ретінде әртүрлі сөздер мен сөйлемдер құрастырыңыз. Әр жаңа хабарлама сайын баланың оқуға қызығушылығы артады.

— Балаңызға үстел ойындарын үйретіңіз. Бірақ заңдылық қалыптастырыңыз: ойынның ережелерін балаңыздың өзі оқысын

— Қазына іздеу ойынын ойнаңыздар. Бір қазынаны тығып қойып, үйдің әр жеріне сілтемелер, көмектесетін сөздерді жазып қойыңыз.

— Компьютерде отырғанды жақсы көрсе, әдемі безендірілген ертегілер мен оқиғаларды жүктеп, орнатып қойыңыз.

— Егер балаңызбен бірге дүкенге баратын болсаңыз, неше түрлі жарнамаларды, тақтайшадағы жазуларды бірге оқыңыздар.

— Мүмкіндігінше, өзіңіз де көп оқыңыз. Балаға кітап оқудың керек және пайдалы екенін көрсету үшін.

— Балаңызға шағын кітапхана жасап беріңіз. Оқуға ынтасы болған кезде таңдауы шектелмеуі үшін.

— Баланың әр оқығаны үшін мақтап отырыңыз, кітап оқитындығы туралы барлығына айтып жүріңіз, мотивация болады.

— Балаңыз мектепке баратын болса, демалыс уақыттарында кітап оқуға 1 сағаттарыңызды бөлуге тырысыңыздар.

— Ең бастысы, баланы кітапты үздіксіз көп оқуға мәжбүрлемеңіз. Кішкенеден, үзіліспен оқуға және бір кітаптан екінші кітапқа ауысуына мүмкіндік беріңіз.

Ботакөз Қамзанова

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Бірқатар өңірлерде көше, мектеп, университет атаулары өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия қортындысы бойынша мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқада кейбір құрамдас бөліктеріне атау...

Болашақ журналистерге: Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден университетке түсіп кетемін деген түсінік жоқ. Әрине, бұл шығармашылық емтихан тапсыратындар үшін. Олар үшін тестілеу – алғашқы қадам ғана. Оларды...

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады. Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер...

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар! 2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады. Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш...