Home Ұстаз үні Марат Тоқашбаев. НАДАН БУЫН – МӘҢГҮРТ ХАЛЫҚ

Марат Тоқашбаев. НАДАН БУЫН – МӘҢГҮРТ ХАЛЫҚ

0

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваның 2018-2019 оқу жылында 9-10 сыныпқа дейін оқыған мектеп түлектері ағылшынтілді болады деген сөзі қоғамда теріс пікір туғызып отыр. Үш жылдың ішінде мұндай өзгеріс болуы ақылға сыймайды. 25 жылда мемлекеттік тілді үйретіп бәріне сіңіре алмай отырғанда ағылшын тілі аспанда ғой.

Ең алдымен оның материалдық базасы жоқ. Материалдық базаны қалыптастыруға (мұғалімдерді жаппай ағылшын тілінде сауаттандыруға, ағылшын тіліндегі методиканы жергілікті жерге бейімдеуге, оқу-методикалық әдістеме құралдарын жасап шығуға) орасан қаражат қажет. Экономиканың қазіргі қайыршылық хәлінде оны жүзеге асыру мүмкін емес.

Оның үстіне ағылшын тілін сабақ беретіндей жетік білетін математик, физик мұғалімдерді қайдан табасыз? Ойланбай сөйленген сөз орға жығады. «Ағылшын тілін білмедің, үйренуің нашар» деп директорға жақпаған мұғалімдерді қудалаудың көкесі сонда болады. Сондықтан ағылшын тілінен бұрын алдымен бүкіл әлемдік тәжірибеге сәйкес баланы ана тілін, мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне күш салынғаны жөн!

P.S. Мектеп бітіріп, табиғатынан сантехник, слесарь, ұста, құрылысшы, малшы, қарапайым жұмысшы болатын жастарға ағылшын тілінің не қажеті бар? Бұл талап көптеген балалардың математика, физика пәндерін ағылшын тілінде оқи алмауының салдарынан 7-8 сыныптан мектепті тастап кетуін үдетеді. Надан буын – мәңгүрт халықтың негізі.

Марат Тоқашбаевтың фб әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version