-9 C
Нур-Султан
22.03.2023

Осы оқу жылынынан бастап 5 күндік оқу аптасына көшеді.

Осы оқу жылының 1-қыркүйегінен бастап, 1-сынып оқушылары 5 күндік оқу аптасына көшеді, — деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің баспа сөз қызыметі.

Мемлекет басшысының жолдауы бойынша, осы оқу жылының 1-қыркүйегінен бастап, еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің 1-сыныптары 5 күндік оқу аптасына көшеді. Бірінші сынып оқушылары 1-қыркүйектен бастап, 1 маусымға дейін оқитын болады.

Демек, мектептердің 1-сынып оқушылары 2017 жылдан емес, осы жылдан бастап 5 күндік оқу жылына көшеді.

Келесі қадамға сәйкес, 2017 жылы екінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы сынып оқушылары 5 күндік оқу аптасына көшеді. 2018 жылдан бастап, барлық басқа сынып оқушылары жаңа оқу барысына көшеді.

5 күндік білім беруге көшу білім беру бағдарламасының жаңартылуына байланысты. Жаңа білім беру бағдарламалары, алдында айтылғандай, Назарбаев Зияткерлік Мектебі бағдарламасына негізделеді. Білім беру бағдарламалары үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес функционалдық сауаттылыққа негізделеді.

Министрлік қазіргі таңда барлық мектептердің 5 күндік оқуға көшуін тездету амалдарын қарастыруда. Алайда, бұл мәселені шешу үшін тездетілген кесте негізіндегі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша толық есеп жүргізу керек. Сонымен қатар, үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесін де жете қарастыру қажет.

Біз түсінеміз, білім беру процесінің сапасына да, көлеміне де зиян келмеу үшін, жазғы демалыс мерзімі шамамен 2 аптаға кейінге жылжытылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева 5 күндік оқу аптасын енгізу маңыздылығын атап өтті: «Мен ата-аналар мен біздің балалар үшін өте қуаныштымын, өйткені мектептен түсетін жүктеме өте ауыр және балалардың денсаулығына әсер тигізеді, олар бір күн ішінде қалпына келе алмайды. Біздің жоспарымыз бойынша, сенбі күні балалар жан-жақты дами алатын болады, тіл үйрену курстарына немесе спорт секцияларына қатысуға мүмкіндігі болады. Сонымен қатар ең басты тәрбиені біз отбасынан аламыз, сондықтан сенбі күні балаларда ата-аналарымен тілдесуге, жанұя дәстүрлерімен танысуға бөлетін уақыт болуы қажет. Бұдан басқа, сенбі — оқытушыларды қайта даярлау үшін маңызды күн болады».

kazbilim.kz 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...