Home Керекті кеңес «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМДЕРІ БЕКІТІЛДІ

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМДЕРІ БЕКІТІЛДІ

0

Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдау мерзімдері бекітілді, — деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспа сөз қызыметі.

Ағымдағы жылы құжаттарды қабылдау үш кезеңде өтеді:

· 2016 жылғы 11 сәуірден 13 мамырға дейін;
·2016 жылғы 13 маусымнан 29 шілдеге дейін;
·2016 жылғы 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін.

Стипендия тағайындау конкурсы 2016 жылғы 10 мамырдан бастап 2017 жылғы 10 қаңтарды қоса алғандағы кезеңде өтеді.

Бұған қоса, Министрдің бұйрығымен 2016 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпазының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекшіжоғары оқу орындарының,шетелдік ұйымдардың тізімі, сондай-ақ 2016 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі бекітілген.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version