2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Республикалық «Ә. БӨКЕЙХАН» олимпиадасы өтеді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану кафедрасы 2016 жылдың 4 сәуірінде өтетін Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығы аясында және ХХ ғасыр басындағы даңқты, мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, идеологы, саяси көсемі, Қазақтың автономиялық Алаш мемлекетін құрушы, оның басшысы әрі премьер-министрі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 150 жылдығын ЮНЕСКО аясында лайықты тойлау және оның кейінгі ұрпаққа қалдырған ғылыми-публицистикалық мұрасын дәріптеу мақсатында жалпы орта білім беретін оқу-тәрбие ұйымдарының (мектеп, лицей, гимназия) 8-9, 10-11 сынып оқушылары арасында саясаттанудан мектеп оқушыларының Республикалық «Ә. БӨКЕЙХАН» олимпиадасына қатысуға шақырады. 

Өтетін орны: Астана қаласы, Янушкевич көш, 6. Журналистика және саясаттану факультеті.

Саясаттанудан мектеп оқушыларының Республикалық «Ә. БӨКЕЙХАН» олимпиадасы туралы ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

1.1.Осы ереже саясаттанудан республикалық «Ә. Бөкейхан» олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мәртебесін, мақсатын және міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық- әдістемелік, қатысу тәртібін, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, Олимпиада жұмыстарын бағалау әдістемесін анықтайды.

1.2.Олимпиаданың негізгі мақсаты:

-орта білім беретін оқу-тәрбие ұйымдарындағы білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын ояту;

-қабілетті, дарынды оқушыларды айқындап іріктеу және қолдау көрсету;

-ХХ ғасыр басындағы даңқты мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш ұлт- азаттық қозғалысының негізін қалаушы, идеологы, саяси көсемі, Қазақтың автономиялық Алаш мемлекетін құрушы, оның басшысы әріпремьер-министрі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 150 жылдығын ЮНЕСКО аясында лайықты тойлау және оның кейінгі ұрпаққа қалдырған ғылыми- публицистикалық мұрасын дәріптеу.

-мектеп бітірушілеріне мамандық таңдауға көмектесу, «саясаттану» мамандығына деген қызығушылығын ояту, дарынды талапкер оқушыларды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне шақыру.

1.3.Олимпиаданы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), Журналистика және саясаттану факультеті (бұдан әрі – ЖжСФ), Саясаттану кафедрасы ұйымдастырады. Олимпиаданың өтілу тәртібі туралы Ережені ұйымдастыру комитеті жасады.

1.4.Олимпиадаға Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын, жалпы орта білім беретін оқу-тәрбие ұйымдарының (мектеп, лицей, гимназия) 8- 9, 10-11 сынып оқушылары өз еріктерімен қатысады.

1.5.Олимпиаданың жұмыс тілі болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып табылады.

1.6.Интернет желісіндегі Олимпиаданың порталы: https://vk.com/sayasttanu01 (Саясаттану кафедрасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы).

2.Олимпиаданы өткізу тәртібі

2.1.Олимпиданы өткізу мерізімін, тәртібін және өткізу орнын Ұйымдастыру комитеті анықтайды.

2.2.Олимпиада 1 (бір) кезең бойынша ІІ (екі) турда өткізіледі.

2.3.Олимпиадаға қатысуға тілек білдірген оқушылар бекітілген үлгі бойынша тіркеу парағын толтыру керек. Тіркеу парағын беру барысында олимпиадаға қатысушының жеке мәліметтері толтырылады (Қосымша №1).

Мектеп директоры олимпиадаға қатысу туралы сұранысты оқушының тіркеу парағымен бірге Ұйымдастыру комитетіне өткізеді. Олимпиадаға қатысу

туралы сұранысты және оқушының тіркеу парағын олимпиаданың басталуына бес жұмыс күні қалғанға дейін электронды түрде (politologiyao@mail.ru) өткізуге болады (Қосымша №2).

2.4.Олимпиадаға қатысушы кесте бойынша Олимпиада өтетін орынға кешікпей, уақытында келуі тиіс. Кешіккен және тіркелмеген (Олимпиадаға сұраныс берілмеген) оқушылар Олимпиадаға енгізілмейді. Олимпиадаға қатысушы кестеге сәйкес мерзімде, көрсетілген мекемеге тіркелу барысында өзі туралы толық мағлұмат береді.

2.5.Олимпиада өтетін орынға қатысушы жеке куәлік немесе туу туралы куәлікпен (фотосуреті бар мектеп анықтамасымен бірге) ғана кіргізіледі.

2.6.Ұйымдастыру комитеті, аудиториядағы кезекші:

-қатысушыларға сұрақ кітапшасы мен жауап парағын таратады;

-бланкілерді толтыру, тапсырманы орындау және рәсімдеу туралы нұсқаулық жүргізеді;

-Олимпиада барысындағы тәртіпті қадағалайды.

2.7.Тапсырманы орындап біткен соң немесе Олипиада мерзімі біткеннен кейін қатысушы жұмысын кезекшіге өткізеді.

2.8.Ұйымдастыру комитеті берген материалдардан басқа ешқандай басқа материалдарды аудиторияға кіргізуге болмайды. Анықтамалық әдебиеттерді, әр түрлі электронды аппараттарды (жазу кітапшасы, калькулятор, ұялы телефон және т.с.с.), түзеткіш сұйықтарды қолдануға тыйым салынады; бұл Ереже бұзылған жағдайда оқушы аудиториядан шығарылады, ол туралы белгі соғылып, «0 балл» қойылады. Шешім қайта қарауға жатпайды.

  1. Олимпиаданың әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттандыру жұмыстары

3.1.Олимпиаданы өткізу үшін әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін жыл сайын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ЖжСФ, Саясаттану кафедрасының шешімімен Ұйымдастыру комитеті құрылады.

3.2.Олимпиаданы өткізу және әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттандыру жұмыстарын Ұйымдастыру комитеті атқарады. Ұйымдастыру комитетінің құрамына методикалық комиссия мен әділ-қазылар алқасы кіреді.

3.3.Ұйымдастыру комитетінің төрағасы (бұдан әрі – төраға) Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, профессор Е.Л. Нечаева.

3.4.Төраға ұйымдастыру комитетінің құрамын, жауапты хатшысын, методикалық комиссиясын және әділ-қазылар алқасын анықтайды және бекітеді. Ұйымдастыру комитетінің, методикалық комиссияның жәнеәділ-қазылар құрамына кафедраның оқытушы-профессорлары және олимпиада өткізуден іс- тәжірибесі бар сарапшы мүшелері енеді.

3.5.Ұйымдастыру комитетінің функциясы:

-Олимпиаданың барлық іс-шараларының орындалуын қамтамасыздандырады;

-Олимпиада өткізу орнын және мерзімін анықтайды, қатысушылардың тіркелуін ұйымдастырады;

-Олимпиада сұрақтарын дайындайтын әдістемелік комиссия құрамын қалыптастырады;

-Олимпиаданың жұмысты бағалау әдістерін және шарттарын дайындайды;

-Оқушылардың жұмысын тексереді;

-Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарын бекітеді;

-Олимпиада ережесі бойынша басқа да функцияларды орындайды.

3.6.Олимпиада жұмысын бағалау әдісі:

-Олимпиада жұмысын орындағаны үшін максималды балл – 100 балл;

-Жеңімпаздар және жүлдегерлер Олимпиада жұмысын орындағаны үшін жоғары балл алғанына байланысты анықталады;

-Жұмыс иелерінің аты-жөні шифрланады. Жұмыс аты-жөнсіз тексеріледі. Сарапшылар комиссиясына жұмыстар шифрланған күйінде өткізіледі, ол тек жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталғаннан кейін аты-жөні шифрдан шығарылып, белгілі болады;

-Әрбір жұмыс үшін жеке балл қойылады. Егер тапсырма толық орындалмаса балл төмендетіледі, егер тапсырма ерекше және бірнеше әдістермен дұрыс шешілсе, балл көтеріледі. Жұмыс соңында барлық балл есептеліп, олимпиада хаттамасына енгізіледі;

-Олимпиада қатысушыларының жауаптарын тексеру бойынша комиссияның шешімі өзгертілмейді және апелляцияда қарастырылмайды.

3.7.Оқушылардың аудиториядағы тәртібі:

-Орын ауыстыруға, олимпиада тапсырмаларын ауыстыруға, көшіруге, шпаргалка кіргізуге, оны пайдалануға, мобильдік құралдар (ұялы телефон және т.с.с.) кіргізуге, түзеткіш сұйықтарды қолдануға қатаң тыйым салынады, бұл ереже бұзылған жағдайда оқушы аудиториядан шығарылады;

-Оқушы кезекшінің айтқанын мұқият тыңдайды және өзін талапқа сай ұстайды;

-Жауап парағы бір дана ғана беріледі, сондықтан оқушы оны бұзбау керек, басқа парақ берілмейді, ауыстырылмайды, сондықтан оқушы оны толтырған кезде қатесіз, түзетусіз мұқият толтыруы керек.

4.Олимпиаданы қорытындылау

4.1.Олимпиаданың қорытындысы мен жеңімпаздарды әділ-қазыларалқасы анықтайды.

4.2.Олимпиаданың жеңімпазы болып, ең үздік көрсеткіш көрсеткен және І дәрежелі диплом алған оқушы саналады.

4.3.Жүлдегерлер болып, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом алған оқушылар

саналады.

5.Олимпиаданы материалдық-қаражатты қамтамасыз ету

5.1.Олимпиадаға қатысушылар барлық шығынды өзі көтереді (жол ақы, тамақтану, жатын орын).

5.2.Олимпиаданы ұйымдастыру, ақпараттандыру, өткізу шығындарын Ұйымдастыру комиететі қаржыландырады (қатысушыларға қатысты шығыннан басқасын).

Қосымша №1

Саясаттанудан мектеп оқушыларының І Республикалық «Ә. БӨКЕЙХАН» олимпиадасына

қатысу үшін ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

Қатысушы______________________________________________

(толық аты-жөні)

Туған күні,айы, жылы_____________________________________

Жеке куәлігі (туу туралы куәлігі) номері_______________________

Оқу тілі___________________________________________________

Сыныбы___________________________________________________

Мектеп (толық атауы)_______________________________________

Мектеп түрі (Жалпы білім беретін орта мектеп, лицей, гимназия)______

Мектептің мекен жайы___________________________________

Қатысушының тұрғылықты мекен-жайы______________________

Қатысушының байланыс телефоны (үй, ұялы телефон)______________

Қатысушының электронды мекен-жайы___________________________

Жетекшінің аты-жөні, қызметі және оның байланыс телефоны, электрондық поштасы_______________

Күні, айы, жылы

Қатысушының қолы

_____________________

______________________

 

Қосымша №2

Саясаттанудан мектеп оқушыларының І Республикалық «Ә. БӨКЕЙХАН» олимпиадасына

қатысу үшін СҰРАНЫС

(бұл сұранысты мектеп береді)

Облысы ____________________________________________________

Ауданы ___________________________________________________

Мектебі ____________________________________________________

Телефон, электрондық поштасы _______________________________

Қатысушының аты-жөні

Оқу тілі

Жетекшісінің аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп директоры

(қолы)

____________________________

М.О.

 

(Т.А.Ә.)

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...