Home Редакция таңдауы Аслан Сәрінжіпов “Назарбаев Қорының” президенті болды

Аслан Сәрінжіпов “Назарбаев Қорының” президенті болды

0

Бұрынғы ҚР Білім және ғылым  министрі Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов «Назарбаев Қорының» президенті және «Nazarbayev University» қамқорлық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аслан Сәрінжіпов Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома Университетін, Вена дипломатиялық академиясын аяқтады. Әр жылдары «Үкімет жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ басқармасы  және ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды. Экономикалық даму, қаржы, білім беру мәселелеріне жетекшілік етті. «Назарбаев Университеті» автономиялық білім беру ұйымының атқарушы кеңесінің төрағасы болды. 2013 жылғы 2 қыркүйектен 2016 жылғы 10 ақпан аралығында ҚР Білім және ғылым министрі болды.

inform.kz

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version