Білім және ғылым министрі ауысты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің білім және ғылым министрі ауысты, — деп хабарлайды kazbilim.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта. Айта кетейік, осыған дейін бұл қызметте Аслан Бекенұлы Сәрінжіпов болған еді. 

Осымен Тәуелсіз Қазақ елінің он бірінші білім министрі болып тағайындалған Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев 1966 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген. 1990 жылы «Экономика» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, біліктілігі экономист. 1993 жылы Миннесота штатының Университетін бітірді, АҚШ-тың Миннеаполис қаласында Қолданбалы экономика департаментінің ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.

Мамандығы: Саяси экономия – экономист-оқытушы

Ғылыми атағы: Ғылым магистрі

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы лауазымынан бастаған. Дүниежүзілік банкінің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің кураторы болған (АҚШ, Вашингтон қаласы).

— «Компания ФудМастер» ЖШС бас директоры (1995-2004);

— «Жаңа технологиялар. Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, бас директор (2003-2009);

— Халықаралық университет президенті, Алматы қаласы (2004-2012);

— Қазақстан Республикасы премьер-министрнің штаттан тыс кеңесшісі (12.2007-2008);

— «Инвестициялық қор» АҚ тәуелсіз директоры, Алматы қаласы (2008-2009);

— Халықаралық университет президенті, Алматы қаласы (2009-2012);

— Қазақстан Республикасы премьер-министрнің кеңесшісі (2012-2013);

— Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі (07.02.2014-08.2014);

Естеріңізге сала кетсек бұған дейінгі министрлер:

Есімі

Басқарған және басқаруын аяқтаған уақыты

1

Ғалым Әбілсейітов

30 маусым 1992 — 11 қазан 1994

2

Владимир Школьник

тамыз 1994 — қазан 1999

3

Қырымбек Көшербаев

қазан 1999 — 18 желтоқсан 2000

4

Нұралы Бектұрғанов

18 желтоқсан 2000 — қаңтар 2002

5

Шәмша Беркімбаева

қаңтар 2002 — 14 маусым 2003

6

Жақсыбек Құлекеев

14 маусым 2003 — 14 желтоқсан 2004

7

Бірғаным Әйтімова

14 желтоқсан 2004 — 19 қаңтар 2007

8

Жансейіт Түймебаев

19 қаңтар 2007 — 22 қыркүйек 2010

9

Бақытжан Жұмағұлов

22 қыркүйек 2010 — 2 қыркүйек 2013

10

Аслан Сәрінжіпов

2 қыркүйек 2013 — 10 ақпан 2016 жылы

11

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев

2016 жылы 10 ақпаннан —

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version