Home Керекті кеңес Астана қаласында ақпан айында балабақшаға топтау басталады

Астана қаласында ақпан айында балабақшаға топтау басталады

0
Астана қаласында ақпан айында балабақшаға топтау басталады

Биыл жаңа балабақшалардың салынуына байланысты кезекте тіркелген барлық жастағы топтардағы балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жоспарлы қабылдау 2016 жылғы 15 ақпанда басталып, 11 наурызға дейін жалғасады. Топтау кезінде 8 мыңнан астам жолдама беру жоспарланған, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Топтау кестесін мұқият қарап, жолдама алу үшін баланың туу туралы куәлігі мен көрсетілген кезек номерімен Қарталы көшесіндегі №61 мектепке келу керек.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бала топтау жұмыс тобымен сағат 10.00-17.00 дейін жүргізіледі, үзіліс – 13.00-14.00 дейін.

Топтау аяқталған соң 1 маусымда қала әкімінің www.e.astana.kz ресми сайтындағы электрондық қызметтен кезектің жылжығанын көруге болады.

Жеңілдетілген санат бойынша құжаттар 1 сәуірге дейін құрылған жұмыс тобымен қабылданып, жинақтау шеңберінде қаралады. 1 сәуірден кейін түскен құжаттар 2017 жылы кезекті жинақтау жұмыс тобында қаралады.

Жеңілдетілген санаттағы азаматтар қаралған арыз-хаттардың нәтижелері жайлы 1-30 наурыз аралығында біле алады.

Астана қаласының тұрғындары балабақшаға жолдама алу үшін балалардың әрбір жас шамасына байланысты хабарламада көрсетілген кезек номерін топқа арналған жинақтау кестесіндегі кезектің реттiк номерiмен салыстырулары керек. Егер реттік номері көрсетілмесе, онда топтау шарасына келудің қажеті жоқ.

Егер көрсетілген балабақшаның тұрған жері қолайсыз болса, онда жолдаманы алмауға болады. Бұл жағдайда, баланың кезегі сол қалпында сақталады. Балабақшаға жолдама тұрғылықты мекен жайына емес, бос орындарға байланысты беріледі.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here