Ұстаздарға арналған конкурс: Менің білімге қосқан жаңалығым

«Толағай» ЖҚБ ұйымдастыруымен Қазақстан ұстаздарының шығармашылық, интелектуалдық мүмкіндіктерін дамытуды,   республика ұстаздарының басты мәселелерін негізге ала отырып ұстаздар арасында жаңа технологияларды меңгеру және тарату мақсатында «Менің білімге қосқан жаңалығым»  тақырыбында ұстаздар арасында Республикалық конкурсын  өткіземіз.    

Мақсатымыз: Республика ұстаздарына қолдау білдіру, жаңа жобалардың кеңінен таратып насихаттау.

Сайысқа материалдарды қабылдау 2016 жылдың 11-ші  қаңтар күні сағат 8-00 ден бастап   наурыз айының 20-сы кешкі сағат 22-00 ге дейін жалғасады.

ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ

 Барлық келген материалдар фейсбук бетіндегі іс-шаралар пункітінен «Менің білімге қосқан жаңалығым»  деген атпен іздеп табуына болады. Сол жерге барлық материалдарыңызды жариялайсыз. СКРИНШОТТЫ қоса тіркеп қоясыз.  Сайыс сырттай және осы фейсбук  әлеуметтік желісінде, kazbilim.kz сайтында өтеді. Егер оған кіре алмаған жағдайда Tolagay.Akzhar@mail.ru электронды почтамызға жолдауларыңызға болады. Біз сол жерге материалдарыңызды шығарып қоямыз. Ол жерде дауыс лайк түрінде жиналады.  Сын-пікірлер де жазуларыңызға болады.

КОНКУРСТЫҚ МАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Конкурсқа қатысатын материал электронды оқулық, немесе сайттар, тб технологиялар болуы мүмкін. Оның барлығының көлемі үлкен немесе кіші болуы, кейбір жерлерде интернеттің қолжетімділігі нашарлығын ескере отырып, сол оқу материалы немесе технологиясы туралы қысқаша техникалық құжаттама дайындайды. Техникалық құжаттамаға қойылатын талап:

  • Бағдарламаның, басқа да материалдардың суретін немесе скриншотын сурет ретінде мәтінмен қоса жариялайсыз;
  • Әр мұғалім тек 1 ғана жұмыс жариялай алады;
  • Егер материал сайт түрінде берілген болса гиперссылкасы қоса жазылуы тиіс;

САЙЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

 Сайыс жеңімпаздары арнайы кубоктармен, грамоталармен марапатталады. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.

САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ

Сайысқа қатысушылар 50:50  бағаланады. 50 оқырмандар, 50 тәуелсіз сарапшы әділқазылар береді де екі ұпай қосылып сайыстың жалпы нәтижесі шығады.

Материалдар фейсбук әлеуметтік желісінде,  kazbilim.kz сайтында жарияланып дауысқа салынады.

БАРЛЫҚ САЙЫСҚА ҚАТЫСҚАН МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҚ БОЛЫП ШЫҒАДЫ, ТЕГІН ТАРАТЫЛАДЫ.

Республикалық конкурсқа Республикамыздық әр өңірінен Тәуелсіз әділқазылар алқасы қазылық етеді:

 Әділқазылар төрағасы:

  1. Өмір Шыныбекұлы

 А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз, 1-деңгейлі курс сертификатының иегері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. «Білім беру ісінің үздігі», «Қазақ Хандығына – 550 жыл»   медалдерінің иегері

Сарапшылар:

 Айбек Қуандықұлы. Тарих жане география пән мұғалімі

  1. Татьяна Жұмабаева

Учитель русского языка и литературы. Имеет высшую квалификационную категорию высшего уровня квалификации. Сертифицированный учитель второго (основного) уровня Программы обучения преподавателей, созданной Центром педагогическогомастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» (Казахстан) в сотрудничестве с Международным экзаменационным советом Кембриджа и Факультетом  образования Кембриджского университета

  1. Аятжан Ахметжан.

Химия ғылымдарының магистірі, ақын. Қазбілім порталының бас редакторы

  1. Дана Рау

Тарих пәнінің мұғалімі

  1. Айман Сағидулла

        Қазақ тілі әдебиеті мұғалімі

  1. Ербол Іргебай

    Тарихшы,  Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің   

    директоры, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері

  1. Мейіржан Темірбек

« Информатика және есептеуіш техника техник, технологы», информатика ғылымдарының магистрі. «Толағай» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 Ақпараттық демеуші: ұстаздарға арналған kazbilim.kz,  Sabaq.kz интернет порталдар 

«Толағай» жастар қоға мдық бірлестігінің төрағасы:          М. Темірбек

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. МЕНІҢ ТӘЖІРІБИЕМ — МЕНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫМ -СЕРПІНДІ ОЙЛАУ

    ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ға ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОЛДАНАТЫН СҮЙІКТІ ӘДІСІ НА УГОДТЫ АЗАЙТЫП ЛОГИКАЛЫҚ ОЙ ҚОЗҒАУ АРҚЫЛЫ БІЛМЕГЕН СҰРАҒЫНА ЖАУАП ТАБУ ҮШІН ҚОЛДАНДЫРАТЫН ӘДІСІМ. КАЛЛОНТИТУЛҒА ЖАЗЫП ҚОЙСАҢЫЗ ОҚУШЫ ТЕСТІ ШЕШУ БАРЫСЫНДА ӨЗ ӨЗІНІҢ ОЙЫН КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП ӨЗ ӨЗІНЕ СҰРАҚ ҚОЮ АРҚЫЛЫ ДҰРЫС ЖАУАБЫН ТАБАДЫ. ТӘЖІРІБИЕДЕН ӨТКЕН ӘДІС 25 СҰРАҚТАН — ЛОГИКАЛЫҚ ІЗДЕНУ БАРЫСЫНДА 23-ші ДҰРЫС ЖАУАП ШЫҒАДЫ.
    __________________________________________________________

    Danko.test 6.
    Тестімен жұмыс жасау барысында 1 Кім? 2 Не? 3 Неге? 4 Қалай? 5 Не үшін? 6 Қандай? 7 Неліктен? 8 Кезеңі? 9 Уақыты? 10 Себеп? деген сұрақтарға жауап беріп қамтып отырыңыздар.

    Қазақстан тарихы сабағынан алтыншы сыныпқа арналған тест.

    1, Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі
    А) Қола дәуірі
    В)Тас дәуірі
    С) Рулық тайпалық кезең.
    D) Андронов кезең

    2, Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі
    А) Рулық
    В) Тайпалық
    С) Қауымдастық
    D)Тобыр

    3, Алағашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі
    А) Тайпалық
    В) Малшылар қауымдастығы
    С)Рулық
    D) Өндірістік ұжым

    4, Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі
    А)тайпа
    В) терімшілер
    С) аналық ру
    D) аталық ру

    5, Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай
    А)шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі
    В) аңшылықтың тууы.
    С) тобырдың қалыптасуы.
    D) темірді пайдалану

    6, Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы:
    А) епті адам.
    В) синантроп.
    С) неандерталь.
    D) тік жүретін адам.
    ____________________________________________________________
    Қазақстан тарихы

    Репититор: Джумабеков Данияр №1

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version