Home Керекті кеңес С.Асфендияров атындағы ҚҰМУ ректоры өз еркімен қызметінен кететіндігін жария етті

С.Асфендияров атындағы ҚҰМУ ректоры өз еркімен қызметінен кететіндігін жария етті

0

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Айқан Ақанов өз еркімен қызметінен кететіндігін мәлімдеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның үндеуі аталған білім ордасының ресми сайтында жарияланды.

«С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері! Мен өтініш жаздым және зейнет жасына жетуіме байланысты өз еркіммен қызметімнен кетемін. Жасым 65-ке тақады және 2 жыл бойы зейнетақы алып келемін. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өте дұрыс айтады: Зейнеткерлер осынау қиын-қыстау кезеңде жас қуатты басшыларға орын босату тиіс. Мемлекет басшысының қолдауы және оның тапсырмаларын орындау үшін мен 8 жыл бойы біздің университетімізге басшылық жасадым. Университет осы аралықта мүлдем өзгерді», – делінген Айқан Ақановтың үндеуінде.

Сонымен қатар ол бюджет қызметтерін әртараптандырудың нәтижесінде мемлекет тарабынан бөлінетін қаржы 3,2 млрд. теңгеден 13 млрд. теңгеге дейін өскенін, студенттер саны 10 мыңнан асқанын, білікті педагогтардың 1,7  мыңға жеткенін атап өткен.

«Соңғы 5 жылда 4651 маман бітіріп шықты. Түлектердің 92 пайызы жұмысқа орналасты. Шынайы түрде үш тілде оқыту енгізілді. Ағылшын тілінде студенттердің 10 пайыздан астамы, оның ішінде бірінші курс студенттерінің үштен бірі білім алуда», -дейді университет ректоры.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version