20 C
Нур-Султан
26.07.2021

С.Асфендияров атындағы ҚҰМУ ректоры өз еркімен қызметінен кететіндігін жария етті

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Айқан Ақанов өз еркімен қызметінен кететіндігін мәлімдеді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның үндеуі аталған білім ордасының ресми сайтында жарияланды.

«С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері! Мен өтініш жаздым және зейнет жасына жетуіме байланысты өз еркіммен қызметімнен кетемін. Жасым 65-ке тақады және 2 жыл бойы зейнетақы алып келемін. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өте дұрыс айтады: Зейнеткерлер осынау қиын-қыстау кезеңде жас қуатты басшыларға орын босату тиіс. Мемлекет басшысының қолдауы және оның тапсырмаларын орындау үшін мен 8 жыл бойы біздің университетімізге басшылық жасадым. Университет осы аралықта мүлдем өзгерді», — делінген Айқан Ақановтың үндеуінде.

Сонымен қатар ол бюджет қызметтерін әртараптандырудың нәтижесінде мемлекет тарабынан бөлінетін қаржы 3,2 млрд. теңгеден 13 млрд. теңгеге дейін өскенін, студенттер саны 10 мыңнан асқанын, білікті педагогтардың 1,7  мыңға жеткенін атап өткен.

«Соңғы 5 жылда 4651 маман бітіріп шықты. Түлектердің 92 пайызы жұмысқа орналасты. Шынайы түрде үш тілде оқыту енгізілді. Ағылшын тілінде студенттердің 10 пайыздан астамы, оның ішінде бірінші курс студенттерінің үштен бірі білім алуда», -дейді университет ректоры.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Бірқатар өңірлерде көше, мектеп, университет атаулары өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия қортындысы бойынша мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқада кейбір құрамдас бөліктеріне атау...

Болашақ журналистерге: Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден университетке түсіп кетемін деген түсінік жоқ. Әрине, бұл шығармашылық емтихан тапсыратындар үшін. Олар үшін тестілеу – алғашқы қадам ғана. Оларды...

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады. Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер...

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар! 2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады. Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш...