Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын!

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ата – бабаларымыз талай ғасыр аңсаған, армандаған тәуелсіздікке бүгінде біздер қол жеткіздік. Талай ғасыр талайлардың арманына айналған тәуелсіздікті біз көрдік. Ұлы далада азат елдің азаматы атанған біздердің арманымыз жоқ. Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік – бұл халқымыздың сан ғасырлар армандаған, бүгінде бабаларымыз аңсаған азаттыққа болашақ ұрпақтары – біздердің қолымыз жетіп отырған ұлы күн. Тәуба дейміз, 24 жыл ғана өтсе де, қазақ елі бүгінде әлемдік аренадан нық орын алды. Алға қойған мақсаттары мен алар асулары әлі де көп.

Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығы құтты болсын! Еліміз аман болып, көк туымыз көк аспанда қалықтай берсін, Қазақ елінің даңқы әлемге шарықтай берсін!

ТӘУЕЛСІЗДІК ҰЛЫ ҰҒЫМ

Бойымда бір ыстық қан,

Жадымда ұлы жаңғырық.

Көзімде жасым қыстыққан,

Өз жерімде өзге боп,

Өз үйімде қаңғырып.

 

Айырып ұлы ұлттықтан,

Бабамды еткен әңгүдік.

Өз үйінде құл тұтқан,

Етектен алып есер кеп,

Есімнен кетті тандырып.

 

Тек өздерін дүр тұтқан,

Қарашығын қан қылып.

Жамандық іздеп жыртықтан,

Қоқысты келіп түртпектеп,

Қорқаулар жатты таңға ұлып.

 

Кімде бар деп ұлттық қан,

Қанішерлер қан жілік.

Тойып ішіп торсықтан,

Рухымды жаншып, ұсақтап,

Айдайтындай аң қылып.

 

Бір Алланы пір тұтқан,

Бабамда бар ед қандылық.

Ұрпағын демеп қолтықтан,

Сыбырлап келіп тіл қатты,

Бодан болма мәңгілік!

 

Қабағын түйіп қарт өтті,

Бодандық есін жимастан.

Найзағайдай жарқ етті,

Сәуле шашты тарихқа,

Алаш болып түнгі аспан.

 

Талай рет қанды етті,

Жүзін жуып алды аспан.

Толарсақтан қан кешті,

Жасын ғұмыр жарқ етіп,

Желтоқсан болып үн қатқан.

 

Тәуелсіз бүгін таң жетті,

Қорқаулармен қоштасқан.

Рухын тіктеп жанды етті,

Жетпіс жылға жекіріп,

Үш ғасырын шаң басқан.

 

Тәуелсіздік ұлы ұғым,

Тамыры терең қазаққа.

Баянды болсын ұлы күн,

Шуағын шашып ұлтыма,

Нәлет айтсын азапқа.

Қазбілім порталы

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version