7 C
Нур-Султан
23.09.2021

Жыл соңына дейін Астанада 2300 орындық екі мектеп құрылысы аяқталады

Жыл сайын қала тұрғындарын білімімен қамту мақсатында жаңа мектептердің саны өсуде. Биыл тағы да екі мектеп салынбақ, — деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

С. Сейфуллин көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан 1100 орындық мектептің және А. Байтұрсынов көшесінің бойындағы 1200 орындық мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. 

Келесі жылы Астана қаласы Құрылыс басқармасының мәліметінше, 600 орындық жалпы білім беретін мектеп, 800 орындық екі кәсіптік-техникалық мектеп, 375 орындық түзету мектеп-интернаттары және әрқайсысы 525 орындық екі мектеп жанындағы құрылысты аяқтау жоспарланған.

Жыл басынан бері қалада 2 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді: жобаланып жатқан «Батығай» ТК ауданындағы 1200 орындық мектеп және № 26, № 37, № 38 көшелер мен Хусейн бен Талал көшесі аумағындағы 1200 орындық мектеп.

Қазіргі кезде қалада жалпы білім беретін 91 мектеп жұмыс істейді, онда 117 097 оқушы оқиды. 80 мемлекеттік мектепте 113 376 оқушы білім алады. Ал мемлекеттік емес 11 мектептегі оқушылар саны — 3721. 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білім министрлігі барлық өңірлеріндегі жауапты басшылардың ұялы телефонын жариялады

Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады. «Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің...

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл...

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді....

Дүние­жүзілік үздік ұстаздардың топ елулігінде қазақстандық мұғалім бар

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі...

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп,...