7 C
Нур-Султан
22.09.2021

А.Сәрінжіпов Президенттік олимпиада жеңімпаздарымен кездесті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойныша Президент олимпиадасында бірінші орын алған оқушылармен кездесті, — деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Оқуда озат өздерің сияқты оқушылармен Тұңғыш Презиент күні қарсаңында кездесіп отырғанымыз қуантады. Сендер инемен құдық қазғандай білім алып, бүгін сол білімнің бір нәтижесін көріп отырсыңдар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға ерекше үміт артатынын жақсы білесіңдер. Бүгінгі жеңістерің — үлкен жетістіктеріңнің бір сатысы болсын», — деді оқушыларға диплом мен сыйлықтар табыс ете отырып министр А.Сәрінжіпов.

Жалпы, министрмен кездесуге еліміздің өңір-өңірінен 50 үздік оқушы жиналған. Олардың бірі — Алматы қаласындағы №165 мектептің 11-сынып оқушысы Михаил.

«Расын айтсам, осы жарысқа қатысуға уақыт тығыздау болды. Дегенмен, бос уақытымның барлығында олимпиадаға дайындалдым. Президенттік олимпиада өте жоғары деңгейде өтті, яғни, тапсырмалары ауыр болды. Сондықтан, екі мыңнан аса оқушы арасында математика пәні бойынша екінші орын алғаным және жалпы, осы екі мың оқушының арасынан 41 бала жүлделі орынға жеткенін жақсы нәтиже деп санаймын.  Болашақта бұл жүлдем Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алуға септігін тигізеді», — дейді ол. Михаилдің арманы — еліміздің энергетикалық әлеуетін арттыруға күш салу. «Қазақстан баламалы энергия көздерін дамытуда зор болашаққа ие. Менің арманым — энергетика саласында қызмет ету», — дейді олимпиада жүлдегері.

Жалпы, Олимпиада үш кезең бойынша өткен. Аймақтық кезеңге ел бойынша 1024 мектептің 2040 оқушысы қатысса, екінші кезеңде 329 бала онлайн режимде тестілеуден өткен. Үшінші, қорытынды кезеңде 165 бала 2 тур бойынша математика, химия, физика және биология пәндері бойынша бар білімдерін көрсеткен.

Президенттік олимпиада — сегіз жылдан бері өтіп келе жатқан орта білім  беру саласындағы статусы биік жарыстардың бірі.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білім министрлігі барлық өңірлеріндегі жауапты басшылардың ұялы телефонын жариялады

Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады. «Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің...

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл...

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді....

Дүние­жүзілік үздік ұстаздардың топ елулігінде қазақстандық мұғалім бар

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі...

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп,...