2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Қазақстан мектептерінде қиын пәндер ағылшын тілінде оқытылады.

10 жылдан кейін Қазақстандағы мектептердегі жоғары сыныптарда қиын пәндер ағылшын тілінде оқытылады. Бұндай шаралар 2015-2020 жылдарға арналған үш тілді білімді дамытудың Жол картасында белгіленген.

«Жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту төрт пән бойынша жүргізіледі, яғни информатика, физика, химия және билогия ағылшын тілінде өтеді», — деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мариям Мұқатова.

Оның сөзіне қарағанда, Жол картасы аясында барша деңгейде үш тілді білімге көшудің кестесі даярлануда. Осы орайда жоғары сыныптарда білім беруді ағылшын тіліне ауыстыру кестесі де ескеріліп отыр.

«2017-2018 оқу жылында бесінші сыныпқа ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқып келе жатқан балалар келеді. Айта кетейік, 2013 жылы бірінші сыныптың бағдарламасына ағылшын тілі енгізілген болатын. Осы уақыттан бастап жоғары сыныптарда ағылшын тілін оқытуға көшудің даярлық кезеңі басталады», — деп тоқталды ол.

М. Мұқатованың сөзінше, негізгі мектепте ағылшын тілі сабақтарында аталған төрт пәннің материалдары пайдаланылады. Бесінші сыныптан бастап оқушылар ағылшын тілінде осы пәндер бағытында терминологияларды оқитын болады.

«Кестеге сәйкес, 2022-2023 оқу жылында ағылшын тілінде білім беруге көшу қазақ-түрік лицейінде, халықаралық мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде іске асырылады. 2023-2024 оқу жылында барша білім беру мектептерінде көшу жоспарланған», — деді ол.

Руслан Ғаббасов

ҚазАқпарат

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Бала қазақша ма, орысша ма, ағылшынша ма әйтеуір сапалы білім алса болды. Мұғалім мықты болса болды. Пәнді балаға қызықтырып беру керек. Менің қазақ мектептерін бітірген екі балам да Назарбаев Университетінде оқиды және үш тілді де жетік біледі. Құрметті мұғалімдер тек қана оқушының намысына тимей, қазақ тілінде -ақ дұрыс оқытсаңыздар болды. Балаларға тілді меңгеру бүгінде мәселе емес…

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...