20 C
Нур-Султан
26.07.2021

БІЛЕСІЗ БЕ, «ВКОНТАКТЕ» БАЛАҢЫЗДЫ «БҰЗЫП» БІТТІ?!

Елу миллиондық аудиторияны жаулап алу үшін радиоға 38, телеарнаға 13 жыл қажет болса, ғаламтор аталған межені төрт-ақ сағатта бағындырады екен. Біз болсақ, балақайларымыздың төрт-ақ сағатта дүниені дүрбелеңге салып, асты-үстіне түсіретін сол ғаламторды игергеніне мәзбіз. Олар өрмекшінің торындай шырмалған интернеттен нені тамашалап, нені көріп жүр? Осы сұраққа жауап іздеймін деп, жаға ұстатарлық жағдаятқа тап болдым…

Биыл баламның жасы он беске толады. «Он үште – отау иесі» десек те, ол мен үшін, біздің қоғамымыз үшін аузынан уыз дәмі кеппеген сәби емес пе?. Сол сәбиім «ВКонтактіде» отырып алып, тыр-жалаңаш қыздардың мүсініне көз суарып, порнографиялық видеолар тамашалайды-мыс.

f4479abf94cfcef91a9eb33ce599b30cКүнде кешкісін үйге келгенде компьютердің алдына, яки телефонына телміріп отырғанын көремін. «Осыны тұсаулаған аттай кібіртіктетіп, интернетке байлап тастаған не күш екен?» деген оймен екі-үш рет тексеріп едім, анау айтқандай «қылмысын» байқай қоймадым. Тек өткенде үйде жұмыс істемек болып, компьютерде ұзақтау отырып қалдым. Баланың Вк-сы қосулы қалыпты. Тық-тық етіп, хабарламалар бірінен кейін бірі келіп жатыр. Біреуге келген хатты оқуға болмайды, әрине… Бұл біреу емес, өз балам болғандықтан хаттарды шетінен бастап оқи бастадым. Бір мезет, жартылай жалаңаш бір қыздан «мынаған тіркелуіңді сұраймын» деген хабарлама жетті. Онысы – бірлестік екен. Сол бірлестікті ашып қалып едім, көз ұяларлық суреттер жарқ ете түсті.

Осылайша «қылмыстың» үстінен шыққан мен дереу баламның жазылған бірлестіктерін қарай бастадым. Жүзден аса бірлестіктің төртеуі порнографиялық мазмұнда екен. Сосын, «бұзылған» менің балам ғана ма екен?» деп достарының парақшаларын ақтардым. Ұлдардікі өз алдына, қыздар да «сау сиырдың б…ы» болмай шықты. Оншақты қыз бен баланың парақшасын ақтарғанда төменде көрсетілген порнографияны насихаттайтын, тек төсектің әңгімесін айтатын 25 бірлестік белгілі болды. Қараңыз:

1ba5a6b08e98ecbe0ea492cb411d006f1. «Балалар ұйықтасын» – 2893 жазылушы: https://vk.com/balalar18
2. Құпия ретінде – 1572 жазылушы: https://vk.com/kazsex1
3. Ләззат алу – 1434 жазылушы: https://vk.com/public90300429
4. KZ xxx – 574 жазылушы: https://vk.com/public104244533
5. Kyzdariki + 18 – 441 жазылушы: https://vk.com/kyzdariki55555
6. Түнгі әңгімелесу + 18 – 736 жазылушы: https://vk.com/public99362832
7. Жасырын жазбалар – 2280 жазылушы: https://vk.com/jazbalar18
8. Ұятсыз әңгіме және фото – 3179 жазылушы: https://vk.com/public91683530
9. Екеудің құпиясы +18 – 2974 жазылушы: https://vk.com/ekeudinkupiyasy
10. Екеудің құпиясы +18 – 1132 жазылушы: https://vk.com/public82937739
11. Жыныстық сауат – 447 жазылушы: https://vk.com/public96781683
12. Жыныстық сауат – 23 057 жазылушы: https://vk.com/urpak_kamy
13. Шекарасыз секс – 1059 жазылушы: https://vk.com/shekarasyzsex
14. Үлкен емшектер тек ғана Қазақстан – 1803 жазылушы: https://vk.com/public99473875
15. Құпия әңгімелер +18 – 6823 жазылушы: https://vk.com/kupiya18
16. Қазақша секс әңгімелер – 1131 жазылушы: https://vk.com/public94219044
17. Ашық сырласу – 4232 жазылушы: https://vk.com/awiksyrlasu
18. Түнгі әңгімелер – 659 жазылушы: https://vk.com/public97976903
19. Ақтау порно – 1135 жазылушы: https://vk.com/aktau_porno
20. Кел тартыл с….. – 6768 жазылушы: https://vk.com/public93622993
21. Алматы секс+18 – 575 жазылушы: https://vk.com/public99798194
22. Түнгі чат ашық – 536 жазылушы: https://vk.com/gruppaaliya
23. Только қыздар +18 – 920 жазылушы: https://vk.com/public82432670
24. Түнгі махаббат чат – 792 жазылушы: https://vk.com/public100655242
25. Мен сені қалаймын – 9964 жазылушы: https://vk.com/kalaimyn

Бұл белгілі болғандары ғана… (Бұлар — қазақ тілді бірлестіктер… Орыс тілділер бұдан да көп болуы тиіс) Белгісіздері қаншама екенін өзіңіз бағамдай беріңіз…

Осы қылмыстан кейін баламның тәрбиесін шындап қолға алуға кірістім. Оның әр минутын есепке алып, ғаламторға да рұқсатпен, бақылаумен кіргізетін болдым. Бірақ, мені басқа ой мазалай бастады. «Мен өз баламды порнографиялық шабуылдардан (интернеттің құлағында ойнайтын ата-ана болғандықтан) қорғармын. Өзгелер қайтпек?. Өзге ата-аналар «бопақандарының» не істеп, не көріп, немен сусындап жүргенін біле ме?. Мұғалімдер ше?. Білім және ғылым министрлігінің, еліміздің бас ұстазы Сәрінжіповтің бұдан хабары бар ма?»…

a9c6605c65ae20b21867c06d3e395d8dОсыдан екі-үш жыл бұрын Қазақстан парламенті сенаты «Порнографиялық басылымдар айналымының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» заңды қабылдаған еді. Ол құжатта «Қазақстанда порнографиялық сипаттағы материалдарды тарату, көпшілікке көрсету мақсатында дайындау немесе сақтау, жеке өзі немесе басқа адам арқылы айналысқа шығару, бизнес жасау және сату мақсатында жарнамалау — қылмыс» екені айтылған.

Сонда біздің құзіретті органдар қазақтың жасөспірімдерін көгендеулі қозыдай иіріп отырған «Вконтакте» әлеуметтік желісіне сүзгі жасамай ма? Жоқ, әлде жоғарыдағы бірлестіктер «порнографиялық сипаттағы материалдарды тарату, көпшілікке көрсету мақсатында жұмыс жасап жатқан» жоқ па екен? Балаларымыздың психологиясын, рухани болмысын улап, бұзып жатқан бұл бірлестіктердің тізгінін тарту, жою солардың міндеті емес пе? Әлде бұл «бірлдестіктер он сегізге толғандар үшін арналған» деп, қауіптің бетін алмай отыра береміз бе? Бұл – бірінші мәселе…

Екінші мәселе… Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жылына 15-18 жас аралығындағы 5 мыңға жуық қызымыз түсік жасатады-мыс (бейресми деректерді ойша ойлаудың өзі қорқынышты). Мынандай бірлестіктерге тіркелген қыздарымыздан басқа не күтуге болады?… Бала көргенін жасамай ма?

Үшінші мәселе… Білім министрлігі оқушыларды порнографиялық өнімдерден қорғау мақсатында нендей шараларды жүзеге асыруда? Елімізде қанша оқушы «Вконтакте» әлеуметтік желісіне тіркелген?Олардың қаншасы порнографиялық бірлестіктерге «ұрланып» кіріп жүр?

Төртінші мәселе… 2009 жылы қабылданған интернетті реттеу туралы заңға сүйене отырып, құзіретті органдар порносайттарды жауып келеді. Солар неге осы уақытқа дейін «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі мына бірлестіктерді көрмеген?

Бесінші мәселе… Әлемде онлайн порнографияға радикалды түрде тыйым салу практикасы Сауд Арабиясы, Иран сияқты мұсылман елдерінде қолданылады. Бәлкім бізге де осы жолға түсу керек шығар…

Түйін

Педофилдер қайдан шығады? Жыныстық зорлық-зомбылық оқиғаларын азайту үшін қазірден бастап ойлануымыз қажет. Бұл орайда таяқтың екінші ұшы ата-аналарға келіп тиетінін ұмытпағанымыз жөн. Балаңыз «Вконтактіде» не істеп отыр? Бүгіннен қалдырмай тексеріп көріңізші…

Сосын… Сосын жоғарыдағы бірлестіктерді Сіз болып, Біз болып тізгіндеуді қолға алайық…

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Дұрыс жазылған. Қазіргі балаларымыздың немен айналысатынын білмейтін қаншама ата-ана бар. Бұған бәріміз тосқауыл қоюымыз керек.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Бірқатар өңірлерде көше, мектеп, университет атаулары өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия қортындысы бойынша мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқада кейбір құрамдас бөліктеріне атау...

Болашақ журналистерге: Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден университетке түсіп кетемін деген түсінік жоқ. Әрине, бұл шығармашылық емтихан тапсыратындар үшін. Олар үшін тестілеу – алғашқы қадам ғана. Оларды...

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады. Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер...

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар! 2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады. Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш...