Home Керекті кеңес Мұғалімдердің жалақысы 66%-ға өседі – А.Сәрінжіпов

Мұғалімдердің жалақысы 66%-ға өседі – А.Сәрінжіпов

0

2016 жылдан бастап білімі мен біліктілік санаты жоғары мұғалімдердің жалақысы 66%-ға өседі. Бұл жөнінде ұстаздар мерекесі қарсаңында қортындыланған «Үздік мұғалім-2015» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді, – деп хабарлайды kazbilim.kz тілшісі.

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделі енгізіліп отыр. Бұл ең алдымен білім саласының қызметкелеріне қатысты. Мұғалімдердің жалақысы олардың білім деңгейі, біліктілік санаты, еңбек түрі, жүктемесіне байланысты анықталады. Жалақы үстемеақысының жаңа жүйесі енгізіліп отыр. Олар өтемдік және ынталандырушы болып бөлінеді. Өтемдік үстемеақылар жұмысшының еңбек жағдайына байланысты болады, ал ынталандырушы үстемеақы еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін сыйақы ретінде берілмек. Егер, барлық қызметкерлерді қоса алатын болсақ, жалақы 27%-ға өседі. Ал педагог қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 44%-ға артады. Соның ішінде, білімі жоғары және біліктілік санаты жоғары мұғалімдердің еңбекақысы 66%-ға, білімі жоғары, І санаттағы жоғары білімі бар мұғалімдердің жалақысы 51%-ға, орташа білімді және біліктілік санаты жоғары мұғалімдердің еңбекақысы 64%-ға және І санаттағы жоғары білімі бар мұғалімдердің жалақысы 43%-ға артады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен шамамен 200 млрд теңге бөлінді», – деді ол.

Министр сөз соңында бұл Елбасының мұғалімдер қауымының еңбегі зор екенін мойындағаны екенін атап өтті және қазақстандық барша ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады.

Қазбілім порталы

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version