Дарынды әрі талантты оқушылардың сипаттамасы

Дарынды және талантты оқушылардың сипаттамасы

  • Логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған.
  • Заңдылық пен өзара байланысты тез орнатады.
  • Ақпараттарды шұғыл өңдейді.
  • Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады.
  • Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді.
  • Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады.
  • Оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді.
  • Проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжамдар жасайды.
  • Проблемаларды анықтайды және шешеді.
  • Барлығына талдау жасайды.
  • Идея ұсынып, дәлелдермен айғақтайды.
  • Кең ауқымды білімді пайдалана алады.
  • Пікір айтуда тәуелсіз және «неге», «қалай» деген сұрақтар қойып, жаңалықтар ашуға ұмтылады.

Креативті ойлаудың сипаттамасы:

  • Ерекше идеяларды табады.
  • Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған.
  • Ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады.
  • Әзілшіл.
  • Ерекше түсінік қалыптастырады.
  • Эстетикалық қасиеттерді түсінетінін көрсете біледі.
  • Болашақты ойлағанды жақсы көреді.
  • Басқа біреу сияқты болуға қорықпайды.
  • Көптеген идеяларды ойлап шығарады.
  • Жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын
  • Ерекше нәрселерді іздейді. Ынталандыру сипаттамасы:
  • Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады.
  • Дербес.
  • Мақсатқа ұмтылады және жеке мақсаттарын белгілейді.
  • Міндеттерді шешуде дәйекті.
  • Табанды және жұмыспен бар ынтасымен шұғылданады.
  • Өзін өзі сынауға және бағалауға бейім.
  • Сенімді.
  • Өз бетінше жұмыс істегенді жақсы көреді.

Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы:

  • Қоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады.
  • Құрбы-құрдастары құрметтейді.
  • Басқалармен жылдам тіл табысады.
  • Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады.
  • Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді.
  • Топты идеялар мен әдістерді қабылдауға иландырады.
  • Өзіне сенімді.
  • Жаңа жағдайларға тез төселеді.
  • Спорттық іс-шараларда белсенді көшбасшылықты іздейді.
  • Әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан.
  • Өзіне жауапкершілік алуға дайын.
  • Іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін топ мүшелерінің идеясын қорытады

Табандылық сипаттамасы:

  • Өктем пікірлерге кекесінмен қарайды.
  • Өткінші шешімдерге күмән келтіреді.
  • Мұғалімдер мен ересектерді түсініктеме беруге жетелейді.
  • «Ересектер» проблемаларына қызығушылық танытады.
  • Игерілген дағдыларды қолдана бергенді жақтырмайды.
  • Күнделікті жаттанды тапсырмалардан тез шаршайды.
  • Жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады; олардың ортасында жиі болуға тырысады.
  • Тиянақты, нақты сұрақтар қояды.

Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды. Шындығында, бірде бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді: олар барлығына да ие болуы мүмкін немесе бір санаттағы барлық сипаттамаларға сәйкес болып, бірақ басқасында аздап «ақсауы» мүмкін. 

http://www.cpm.kz/

 Өмір Шыныбекұлының фб әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version