19 C
Нур-Султан
26.09.2022

«Қазақ хандығына 550 жыл» — елдіктің ең үлкен мерекесі!

Биыл Керей, Жәнібек хандар Шу мен Талас өзендері арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көтергеніне 550 жыл толды. Осынау ұлы мерекеге байланысты бұл күнді мерейтой күндерінің қатарына қосу және мерекені ауқымды түрде атап өту мақсатында көптеген іс – шаралар ұйымдастырылуда. Еліміздің бас қаласының бас алаңы «Қазақ елі» алаңында өтіп жатқан торқалы той барысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Құрметті ағайын, біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан бері Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз — солардың жалғасымыз. Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең-байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып, жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз  -ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала елі. Бұл — біздің тағдырымыз. Бұл — біздің таңдауымыз. Мәңгілік елімізде бейбітшілік пен береке бола берсін! Халқымыз аман болсын!» — деді. Міне, бұл Қазақ хандығының заңды мұрагері — тәуелсіз Қазақ елінің бүгінгі айбынының көрнісі еді.

Мемлекетіміздің құрылуының мерейтойы, ең алдымен, азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған. Аталмыш мерекеге байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы өз тұжырымдамасында: «Қазақ хандығының 550  жылдығын атап өту басты үш концептуалды негізде жүзеге асырылатын болады, олар:

  • патриоттық: қазақ халқының Отанына сүйіспеншілігі;
  • ақпараттық: ғылыми көпшілік бағдарламаларды, ғылыми – танымдық деректі фильмдерді, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы көркем фильмдерді жасап, жетекші орталық телеарналар арқылы тарату;
  • ғылыми: қазақ хандығының құрылу проблемаларын зерделеу мәселелері бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру», — деген болатын.

Бүгінде әлемге танымал Тәуелсіз Қазақстан тарихы талай ғасырларға табан тірейтіні анық. Бастауын сонау мыңжылдықтар қойнауынан, Көк түркілер қағанаты мен Алтын Ордадан алатын Керей-Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттігіміз жылнамасындағы маңызы зор, мерейлі мереке екені айқын.
Бұл айтулы аймаңдай жылнаманы айрықша биік мемлекеттік деңгейде жалпы ұлттық мерекеге айналдыру барша Қазақ азаматының қасиетті борыштарының бірі, — деп білген Біз, Қазбілім (kazbilim.kz) порталы, айтулы күнге орай барша қазақстандық оқушылар арасында шығармашылық бәйге жарияған болатынбыз.
Шығармашылық бәйгенің мақсаты – жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын, Елбасымыз ұсынған “Мәңгілік ел” ұлттық идеясынан туындайтын, Қазақ елінің кешесі, бүгінгі һәм ертеңгі келбеті оқушы көзімен суреттеліп, еліміз тарихындағы ерен еңбегі сіңген тұлғалар туралы бүгінгі өскелең ұрпақтың көзқарасын көрсету. Елдің ертеңіне елеулі еңбек етер патриот, зияткер ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу болатын.

Шығармашылық бәйгеге шығарма қабылдау 18 ақпаннан басталып, 5 сәуір аралығында жалғасты. Порталымызға 30 — ға жуық әр жанрдағы, әр деңгейдегі шығармалар келіп түсті. Шығармалар тұрақты порталдың «Оқушы ойы» бөлімінде жарияланды. Шығармашылық бәйгеге келіп түскен шығармаларды әділқазылар алқасы қарап шығып, мынадай қорытындыға келіп, марапаттау рәсімі 16 сәуір күні   Астана қаласы, №73 физика-техникалық мектебінде өткен еді.

Бас жүлде – Бакира Олжас. Дәуір келбеті. 30 мың теңге ақшалай сыйлық және дипломмен мапапатталды.
Бірінші орын – біреу. Ерболғанова Жадыра. Азаттықты аңсаған Алаш арыстары. 20 мың теңге ақшалай сыйлық және дипломмен марапатталды.
Екінші орын – Электронды қазақ үй және дипломмен марапатталды.
Жанібекова Айкүміс. МЕН – АЛАШПЫН
Құрбанәлі Аманкелдіұлы. Елдік

Үшінші орын – дипломмен және қосымша сыйлықтармен марапатталды.
Ыбырай Жұматай. Тастүлек
Жақсылық Ақтілек. Мәңгілікке жалғасқан достық
Дулати Еңсенов. Рейхстагқа ту тіккен қазақ

Ал, бүгінгі қасиетті жұмадан бастап, күллі Қазақ елі  ұлы мерекені дүркіретіп тойлауда. Айбыны асқақ Астанамыздың көркіне көрік қосып, «Қазақ елі» алаңы нағыз қазақ ауылының кейпіне енген. Көк аспанға қалықтай самғаған қыран бейнесін айнала әр облыстың қазақы үйлері қоныс тепкен. Бұл алаңға келген әрбір қала тұрғыны, әрбір қонақ қазақы дүниетанымымызбен тереңірек танысып, қызғылықты мәліметтер алуда. Халқымыздың ұлттық дүниелерінен бастап, әшекей бұйымдары, күнделікті тұрмыста қолданылатын заттары, құмай тазы, қыран бүркіт, ұлттық нақыштағы киімдер, текеметтер көрме алаңынан орын тауып, көз жауын алатындай. Осындай керемет көріністерге куә болып, мәртебеміз өскендей марқайып қалдық. Тек қазақы дәстүріміз мерекелерде ғана емес, әрбір қазақтың жүрегінде мәңгі сақталса екен деген тілек көкейімізде тұрды. Мерекелік іс – шаралар алдағы екі күн бойы да жалғасын таба бермек.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы — біздің ұлтымыз үшін ерекше күн. Қазақ хандығы дегеніміз — ұлттық мемлекеттік деген сөз. Бұған дейінгі мемлекеттер біздің ұлан-ғайыр даламызда пайда болған, өскен, өркендеген. Олар әрине, біздің мемлекеттігіміздің негізімен үндес. Бірақ, біздің хандар осыдан 550 жыл бұрын пайда болған мемлекетке ұлтымыздың атын берді, халық ретінде өзінің орнын анықтады. Әлемдік кеңістікте өз келбетін қалыптастырды», — деді белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелді дүбірлі тойда «Қазбілім» порталы тілшісіне.

Міне, мемлекетіміз ірге жайып, еңсе көтергеніне де 550 жыл толды. Ата – бабамыз аңсап жеткен азаттығымыз, ең бастысы, әрбіріміздің жүрегіміздегі патриоттық сезіміміз мәңгі болсын. Қазақ хандығының 550 жылдығы тағы да құтты болсын және осындай тарихи тойларымыз көбейе беруіне тілектеспіз!

Дариға Жақсылық

Қазбілім порталы

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

​Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 515 автобус сатып алынады

Елімізде мектебі жоқ немесе бастауыш мектебі ғана бар ауылдардың балаларын жақын маңдағы білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдау үшін 515 жаңа автобус сатып алынады. «Балаларды қауіпсіз...

Білім мәселелері бойынша 1450 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс...

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...