Home Жаңалық Оңтүстік Қазақстан облысында биыл да оқулық тапшылығы орын алмақшы. Бұған кім кінәлі?

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл да оқулық тапшылығы орын алмақшы. Бұған кім кінәлі?

0

«Оңтүстік Қазақстан облысында мектептерді оқулықпен қамтамасыз ету ісі мардымсыз. Республика бойынша ең төменгі көреткішті, яғни 80,6 пайызды көрсетіп отыр. Аймақта дұрыс сараптама жүргізіп, оқулықпен қамту ісін жолға қоя алмаған азаматтарға әкімшілік жаза қолдануды облыс әкімінен сұранамыз». Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президент Кітапханасында өткен басқосуда ҚР Білім және Ғылым министрлігінің мамандары осылай деп дабыл қақты.

Ала жаздай «жаңа оқу жылында оқулық тапшылығы болмайды, ата-ана оқулық сатып алып сабылмайды» деп келген облыстың білім беру саласының жауапты басшылары бұған енді не деп уәж айтар екен? Бірақ бізде, «Астанада отырғандар мәселені толық білмейді, жалған ақпарат жеткен ғой» деп сылтау айту белең алды емес пе?! Кім білген, дегенмен білдей ҚР Білім және Ғылым министірлігінің  білім саласын бақылау Комитеті төрағасының орынбасары Альтаир  Ахметовтың Тұңғыш Президент кітапханасында өткен алқалы жиында мәселенің байыбына бармай айтуы мүмкін бе?

Жалпы Қазақстан бойынша жаңа оқу жылында мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету ісі биыл 98,7 пайызды құрап отыр. Біздің облыстың көрсеткіші республикалық көрсеткішке жете алмаған. А.Ахметовтың түсіндіруінше тамыздың 10-ына дейін еліміз бойынша мектептер оқулықпен 100 пайыз қамтылып бітуі тиіс болған екен. Ал бұл межені орындап, өз өңірлерінің өрендеріне жайлы жағдай туғызып отырған облыстар сапында Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары бар екен. 

Оқулық жетіспеушілік пен тапшылықты көретін Ақтөбе-99,7 пайызға, Жамбыл облысы 99,8 пайызға, Солтүстік Қазақстан облысы 99,7 пайызға орындаған өңірлер болып отыр.

Аталмыш министрліктің Комитеті 7205 жалпы білім беретін мектептердің 6897-сі жаңа оқу жылына арналған оқулықтарын таратып үлгеріпті. 2 669 759 оқушының 2 341 392-сі мектеп кітапханасынан оқулық алды деген мәлімет таратып отыр. 

Ал сіз ұл-қызыңызға мектептен оқулық алдыңыз ба?

Оқулық жетіспеген жағдайда жазаға кім тартылады? Оқулық сатып алу үшін облыстық бюджеттен бөлінетін қажетті қаражатты аз бөлгендер ме әлде тиісті қаржыны оқулыққа толығымен жұмсай алмағандар ма? Бәлкім, қанша оқулық қажет екенін дұрыс есептеп, қаржыға дұрыс тапсырыс бере алмайтындар шығар? 

ҚР БжҒ министрлігі Оңтүстіктегі оқулық тапшылығын алға тартып, оқулықпен түгел қамтамасыз ете алмай отырған өңірдегі білім саласының жауапты мамандарын жазаға тартуды айтып отыр. Облыс әкімі қандай шара көрер екен? 

Жаннат НҰР.

rgmedia.kz

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version