Home Керекті кеңес Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді

Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді

0

Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бөлінген 32 168 гранттың 500 орыны – ЖОО дайындық бөлімдері арасында, ал 29 668 грант 1 курсқа қабылданатындарға бөлінген, оның ішінде күндізгі оқу бөлімі гранттарының саны – 29 168, ал сырттай – 500.

“Білім гранттарын орналастыру құқығын конкурстық түрде анықталған 60 жоғары оқу орны алды. Бөлінген гранттардың ішінде 12,6 мың грант – техникалық және технологиялық мамандықтарды оқытуға, 6 мыңға жуық грант – педагогикалыққа, 2 690 грант ауыл шаруашылық және мал шаруашылық мамандықтарына қарастырылған”, – дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, биыл білім гранттарын алуға 67 377 адам қатысады, соның ішінде 53 162 адам – қазақ тілді, ал 14 215 – орыс тілді. Сонымен қатар, “Мәңгілік ел жастары – индустрияға!” жобасы бойынша студенттерді оқыту квотасы шеңберіне 6 457 адам қатысады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version