Home Керекті кеңес Мектептердегі қағазбастылық пен тексерулерге мораторий жариялау керек — М. Бақтиярұлы

Мектептердегі қағазбастылық пен тексерулерге мораторий жариялау керек — М. Бақтиярұлы

2

Бүгін Сенат отырысында дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелеріне арналған заң жобасын талқылау барысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы мектептегі қағазбастылық мәселсін сынға алды. 

Депутаттың айтуынша, бүгінгі күні елімізде 7561 орта білім беретін мектептерде  2,5 млн оқушы оқиды. Оларға 300 мыңға жуық мұғалім сабақ береді.

«Біздің мұғалімдердің орташа жалақысы 45-62 мың теңге шамасында ғана. Мұның үстіне мектептердегі қағазбастылық мәселесі сын көтермейді. Қазір мұғалімдердің пәнді терең білуі, оған қатысты  ізденуі мен сабақ мазмұнын терең түсіндіріп беруі басты талапқа жатпайтын болып барады. Керісінше, сабақ жоспарының жасалуы, баға қою дәптері, журналдары, Ұлттық бірыңғай тестке дайындау басты көрсеткішке айналуда», — дейді М. Бақтиярұлы.

Бұдан бөлек, депутат мектептердегі таусылмайтын тексеріс пен қаптаған комиссияның толып кеткенін алға тартады. Сенатордың пайымынша, ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі білім беру сапасына тікелей байланысты.

«Алайда, қаптаған қағаз бен бітпейтін комиссия тұрғанда білім бәсекеге қабілетті бола ала ма? Бізге осыншама таусылмайтын қағаз толтырудан гөрі терең білімді, сауатты ұрпақ дайындау маңызды болса керек. Демек, мектептердегі қағазбастылық пен тексерулерге мораторий жариялау керек», — деді сенатор.     

ҚазАқпарат

Қанат Мәметқазыұлы

2 COMMENTS

  1. Өте орынды. Осы сөз жүзінде емес, іс жүзінде іске асып жатса, 300 мыңға жуық мұғалімнің сауабын алар еді.

  2. Құрметті : Мұрат Бақтиярұлы өте орынды мәселені көтергеніңіз үшін алғыс білдіремін! Қазіргі таңда мектепте қағазбастылық өте кең етек алып кеткені рас және шындық.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version