Home Керекті кеңес Қазақстанда 2015 жылға 40 мыңға жуық білім гранты бөлінді

Қазақстанда 2015 жылға 40 мыңға жуық білім гранты бөлінді

0

Қазақстанның жоғары оқу орындарына келер оқу жылына 39 994 грант бөлінді. Бұл туралы Астанада өткен селекторлық алқа мәжілісінде білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келер оқу жылына мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы қаулы қабылданды. Мемлекеттік тапсырыс көлемі 39 994 орынды құрайды, соның ішінде бакалавриат – 32 168 грант, магистратура -7 241 грант, докторантура – 623 грант. Өткен жылдардағыдай биыл да мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігі техникалық мамандықтарға беріледі – 42,4 %», – деді вице-министр.

Т.Балықбаевтың атап өтуінше, биылғы жылдың ерекшелігі – қазақ бөлімінде оқитын түлектерге гранттардың 75%-ы, ал орыс тілді түлектерге 25%-ы беріледі. «Бұндай шешім қазақ бөліміндегі конкурсқа қатысушылардың саны мен жинаған балдар деңгейін ескере отырып қабылданған», – деп мәлім етті ол. 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version