2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Оқушылардың ұлттық қолөнер туралы түсініктерін қалыптастыру

Қазақ халқы өнерлі халық болғандықтан, өнерін жоғалтпай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын шеберлі өнерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірген. Ал қазіргі күнде жастарды өнерге, шеберлікке үйрету, ұлттық тәрбие беру технология пән мұғалімдеріне жүктелген.

Халқымыздың сарқылмас бай қазынасы, рухани мұрасы болып табылатын қазақ қолданбалы өнеріне деген алғашқы негізі, ұлттық мәдени құндылықтарға баулу ісі мектептегі бейнелеу өнері пәнінен басталатыны белгілі.Осы тұрғыдан бейнелеу өнері пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты қоршаған орта әсемдігін көру, сезіну, қабылдау қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін жетілдіру, көркемдік қаракеттерді өз бетімен орындауға үйрету болып табылады.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету – оқу тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі болып келеді. Қолөнерге оқушыларды баулу өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қай халықтың болмасын қолөнері, оның тарихынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен қатар өркендеп, дамиды. Сондықтан жас жеткіншектерді халқымыздың мазмұнға бай тәрбиесі негізінде өсіруге, ой-өрісін, жоғары эстетикалық тағлымын, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы және байқағыштығы артып, дағдыландырады.Қолөнерді оқыту әдісі дегеніміз — мұғалімнің технология сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі.Қазақ халқының ұлттық өнерін, тарихын көптеген ғалымдарымыз Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, Ғ.Иляев, А.Ғалымбаева, А.Мұқанов және т.б. зерттеп көптеген еңбектерін жарыққа шығарған.Еңбек сабақтарында оқушыларды қолөнеріне баулу және сәндік қолданбалы өнер негіздері бойынша М.Қозыбақов, Ш.Әбдуалиева, С.Жолдасбекова, Б.Ортаев, т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізген.Технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрге тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулумен қатар ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы шығармашылықпен іске кіріседі.
Қазақ қолөнер көркем мәдениеттің бір бөлігі болып табылады.Бұл өнер ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін тұрмыста қолданып келеді.Қазақтың ұлттық өнерімен таныстыру негізінде бала айналадағы дүниенің қимыл-қозғалыстарының алуан түрлі реңін түсінеді.Балалардың өнер туындыларымен бірге үнемі байланыста болуы рухани-өнегелік,эмоционалдық-сезімдік дамуының және шығармашылық мүмкіндіктерінің қалыптасуының негізгі тірегі болып келеді. Оқушылар бейнелеу өнері,ән-күй; құрастыру және қол еңбегі,көркем әдебиет сабағында және ертеңгілік-тер мен ойын-сауықтар барысында халқымыздың ұлттық өнерімен танысып,көркем талғамын,өзіндік дүниетанымын қалыптастырады.

Қазақстандағы мектеп оқушыларының көркем мәдениетін қалыптастыруда ұлттық өнердің ерекшеліктері мынадай міндеттерді алға қояды:

— қолданбалы және бейнелеу өнерінің мәнерлеу тілін меңгеру арқылы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыру;

— қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда бағалауға қажетті білім қалыптастыру;

— бейнелеу өнері сабақтарында оқушының шығармашылық қарекеттерінің потенциалын жетілдіру;

-оқушылардың ұлттық өнерге деген мақтаныш сезімі мен елжандылығын қалыптастыру.

Оқушыларға халық шеберлері-ағаш шебері, ұста,зергер,тоқымашы,кестеші,өрмек тоқушы т.б.таныстыра отырып, олардың қолынан жасалған бұйымдар туралы мағлұмат беру балалардың білім деңгейлерін жетілдіре түседі.

Қазіргі кезде сол ұлттық қол өнерді жас ұрпақтың бойына дарытын, үйрететін мектептерде жүргізілетін еңбек пәні. Олай болса «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер” деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын (тіл, дін, өнер, үлгі-өнеге) орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін де өте маңызды.
Балалар ағаш шебері ағаштан түйін түйетінің,ұста темірден жасалатын бұйымдарды соғатынын,зергер әшекей бұйымдарды жасайтынын,тігінші киім тігетініні жөнінде мағлұмат алып,ұлттық бұымдардын жасалу ерекшеліктерімен танысады.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл – ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы арта түседі. Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден – ақ ата – ана парызы, бүкіл халық міндеті болды.Қайсыбір қолөнер шеберін алсақта олар өздерінің жасаған бұйымдарын түрлі ою-өрнектерімен әшекелейді.Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдар мен зәулім ғимараттар — көз қуанышы. Ол жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын – шайтаннан қорғану және өзін — өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қоятын. Осының нәтижесінде ою — өрнек пайда болды. Ою — өрнек латынның «оrnamentum» сөзімен мәндес. Оның аудармасы әшекей, өрнек, бедер деген мағынаны білдіреді.Көшпелі қазақтар табиғаттың әдемілігіне сүйсіне отырып, өз айналасының сұлулығына аса мән берген

            Қолөнерден білім берудің әрбір түріне тоқтайтын болсақ : Құрақ-құрау өнері Бүгінгі күнде ата-бабамыздың айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған. Қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр.Құрақ құрау барысында оқушылардың ой-өрісін жанжақты дамытуға әсері мол. Құрақ құрауда оқушылар түрлі геометриялық фигураларды басын құрастыруды игеріп , үшбұрыштың қабырғасы мен төртбұрыш таңбасының бір-біріне тең болуын, өлшемі арасындағы байланыстылықты есептеуді үйренеді.Ою өрнек — қолөнер бұйымдары бүгінгі тұрмысымызда сирек қолданылатындықтан, оқушылар оның атын естігеннен көп есте сақтамайды, сондықтан оюдың шығу тарихын, аңыз- әңгімелер арқылы жеткізе отырып,тәжірибиеде жиі қолдануымыз керек . Ою оя білген оқушы шеберлікке, өрнекті матаға үйлесімді, сәйкесті орынды қолдануға үйренеді.Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер — су, көшіп — қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою — үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті.Ою- өрнек жасауда өзіндік қағидалары бар. Олар: композиция, колорит, симметрия, ритм. Композиция дегеніміз өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Колорит дегеніміз ою- өрнектің бояутүрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.Осы жерде әр түстің нышаны бар. Мысалы, көк түс — аспанның, қызыл түс — оттың, ақ түс — ақиқаттың, сары түс – ақыл-парасаттың, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Симметрия дегеніміз — ою- өрнектің екі жағының тең болуы. Ритм дегеніміз — ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі деп атайды.

            Кесте –қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі . Ертеде халқымыз киімде, үй тұрмысында қолданатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген.Бүгінгі күнде кесте өнерін ұлттық киімдерде және ұлттық бұйымдарында ғана қолданылады.Кесте тігу барысында төзімділікті, шыдамдылықты талап етеді және адам бойына, әсіресе, бойжеткендерге сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез-құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп деп айтуға болады.Кесте және көркемдеп тігу ою — өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш — үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.

            Тоқу өнері –қазақ халқының ежелден қолданып келе жатқан ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған.Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жасалып, жылылыққа, сұлулыққа, әсемдікке жетелеуде. Тоқумен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқымайды. Осы тоқу әдісінің өзі оған қуаныш әкеледі.Себебі, түрлі- түсті бояулар әлемінің үйлесімділігі, алуан сән мен фасондар шеберлігін, ой -өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Тоқыма тоқу кезінде адамның көңіл-күйі сабасына түсіп, бір сәт өзімен-өзі болып, шаршағаны басылады. Әрі еңбек, әрі ермек. Оның үстіне мынадай қымбатшылық заманда өз киімін өз тоқып алса, ол да әжептеуір үнем.

            Әшекейлерді түсіре білу — үлкен өнер. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тіпті күнде ине ұстап, киім тігіп отырғандардың өзі әшекейлеуге келгенде шорқақтық танытады.Бұл заңды да, өйткені әшекей салу — өнер. Әшекейлеудің түрлері көп.Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын — күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден — ақ қалыптасқан. Қазақ шеберлер зергерлік өнерін біліп бірақ алтын — күмісті өздері қорытып, өндіре алмаған. Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе ол күйінде пайдаланған. Олар – бұрау, көз салу, жону, бастыру, бедерлеу, өру, теру, кестелеу, сызу, құю, бояу, зерделеу, жапсырмалау, бисірлеу сияқты өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркәсіпте ,құрылыста, мәдениет саласында, сәулет өнерінде жалпы әлем өнерінің дамуында қолданылмайтын, іске аспайтын жері жоқ.

            Соның ішінде көп кездесетін түрі – кестелеу, жапсырмалау, бисерлеу өнері. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға боладыМысалы,тұмарша, ұлттық сөмкелерді, әмиян, ұлттық қоржын, алқа, шашбау,қазіргі кезде ұялы телефондарға арналған қапшықтарды әшекейлеп тігеміз. Бисер тоқу өнері нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Сызбамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді үйлесімді орната білуге үйретеді.Бисермен жұмыс істегенде жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Көзге демалыс беру үшін 5-10 минут үзіліс жасау тиімді. Бисерді таңдау – үлкен жұмыс. Олардың өлшемдері, түстері әр алуан. Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты маржан моншақтың қандай түрін, қанша мөлшерде алуды, қандай түсін таңдауды, тігілетін мата түрін, ине, жіпті тандай білу қажет.Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шиден қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді

            Адамзат коғамының рухани және мәдени корының кымбат казыналарының бірі — халыктың колөнері мен әдет-ғұрпы, кай халықтың болсын бітім тұлғасы, психологиялық, этникалық жан сезім белгілері оның колөнер мен әдет-ғұрып, салт-санасынан көрінеді. Өткен ел тарихын, тұрмыс-тіршілігін ой елегінен өткізер болсақ, халық өміріндегі әдет-ғұрып, салт-санасының дамуы тарихи оқиғалардан кейін заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын.Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілсрінен көруге болады.Бұл жағдай сабақтарда халық өнерін қазіргі мәдениеттің ажырамас бөлігі тұрғысынан, кәсіби өнермен өзара әрекеттестігі, ерекше типтегі шығармашылық тұрғысынан карастырғанда ғана мүмкін болады.Сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем-шығармашылық сабақтар мектеп оқушыларына белсенділік береді, бейнелі ойлауын, қиялдауын дамытуға ықпал етеді. Мәселен, халықтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы бейнелер мен ою-өрнектерде берілген оюлар, түйсіктер мен түсініктер, тұжырымдар, халықтың дүниетанымы жеке тұлғаның эстетикалык сапаларын жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, олардың әсемдігі мен жарасымдылығы адамның ой ұшқырына әсер етіп, оның рухани жан дүниесін байытады.

Қорытынды

Өнер — адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Қолөнер бұйымдарын жасау барысында қазіргі жастарға берер тәлім-тәрбиесі , пайдасы өте мол, сонымен қатар эстетикалық тәрбие бере отырып, өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасай білуге, шеберлікке,қолөнер шығармашылықтарын дамытады.Оқушыларды ұлттық колөнер арқылы кәсіби шеберліктерін қалыптастырудың маңызды тұжырымдамалық бағыты болып білім, ғылым, өнер, өндіріс және өнеркәсіптің байланысы саналады. Бұл бағыттың жүзеге асуын ғалымдар қазіргі кезде технологиялық білім беру тұжырымдамасында: мамандарды қоғамдық өндірістегі қайта құрылған іске даярлау, олардың танымында ұлттық қолөнердің әлемдік көріністерін қалыптастыру, ой-өрісі мен кәсіби- шығармашылық кабілеттерін жетілдіру, білім және еңбек қабілеттерінің бірнеше түріне катысу үрдісінде мамандарды даярлауға жағдайлар жасау мақсаттары қойылып отыр.

Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету — өнегелі іс.Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда сәндік-колданбалы өнерді менгеру үрдісінде кәсіби шеберлігін калыптастыру оның адам өміріндегі рөлін жетік түсіндіруден, оның маңыздылығы мен мәнін және спецификалық зандылықтарын толық ашып көрсетуден де талап етіледі.Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор тағылым.

            Қолөнер бұйымдарын жасау барысында қазіргі жастарға берер тәлім – тәрбиесі, пайдасы өте мол, сонымен қатар эстетикалық тәрбие бере отырып, өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасай білуге, шеберлікке қолөнер шығармашылықтарын дамытады.

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қасиманов С. «Қазақ халқының қолөнері» Алматы. 1995ж.

  1. Әбдіғапбарова Ұ.М. «Оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ою-өрнек өнерін пайдалануға студенттерді даярлау» Алматы. 1998 ж.
  2. Д.Шоқпарұлы., Д.Дәркембайұлы «Қазақтың қолданбалы өнері» Алматы, 2007 ж.
  3. Арғынбаев Х «Қазақ халқының қолөнері» Алматы
  4. Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы. «Санат» баспасы.

          Бейнелеу өнерін келешек ұрпақтын бойына сіңіру және өз елің, ұлттық өнерің сүйуге баулу.Халықтың сәндік қолданбалы өнер туындарын,халықтың дүниетанымы  және  тұлғаның эстетикалық сапаларын жетілдіре түседі.

Ұзақов С.А, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі,

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...