Әлем қазақтары жастарының Халықаралық олимпиада өтеді

Құрметті қандастар, 2015 жылғы 22-26 маусым аралығында Қызылорда қаласында “Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен XII Халықаралық олимпиада өтеді, — деп хабарлайды Жусан ақпараттық-танымдық порталы.

Бұл олимпиаданың негізгі мақсаттары – қазақ диаспорасы балаларының ана тілін жетік білу, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен шетелде ұлттық тілін сақтау, тарихи отанына оралу бойынша танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Олимпиадаға қатысты қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Ақашқызы Қирабаеваға (тел: +7 717 2 295159 немесе 295171) тікелей хабарласып, алуыңызға болады.

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version