Home Жаңалық ҰБТ – 2015

ҰБТ – 2015

0
ҰБТ – 2015

2015 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникация қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С. Нюсуповтың, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ж. Жонтаеваның және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қ. Әбдиевтің қатысуымен 2015 жылғы ҰБТ-ны өткізуге дайындық туралы брифинг өтті, – деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты.

2015 жылғы 2-15 маусым аралығында ҚазақстанРеспубликасында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

2015 жылдан бастап кәмелеттік аттестатқа ҰБТ мен пән бойынша жылдық бағаның қорытындысы бойынша орташа арифметикалық сомасындағы құрамдық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу көтеру жағына жасалады. ҰБТ-ның форматы өзгермейді.

Мұндай аттестаттау мектептің жұмысын әділ бағалауға, мектеп бітірушілерге түсетін психоэмоционалдық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.   

2004 жылдан бастап, 11 жылдың ішінде ҰБТ-ға 1 миллион 422 мың мектеп бітірушілері қатысты, бұл бітірушілердің жалпы санының 80 % құрады. Ағымдағы жылы ҰБТ өткізу пункттерінің саны (ҰБТ ӨП) 10-ға көбейді, олар облыстардың шалғай аудандарында: Ақтөбе (Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандары); Алматы облысы (Іле ауд.); Атырау (Исатай ауданы); Қарағанды (Ақтоғай ауданы); Қызылорда (Жалағаш ауд.); Шығыс Қазақстан (Абай ауд., Курчатов қ.) және Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің базасында ашылды. ҰБТ ӨП саны республикада 165-ке жетті, оның 116-сы аудан орталықтарында, 49-ы облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында орналасқан.

Лектер санының ұлғаюы және олардағы тестіленішулер санының 600-ге дейін кемуі есебінен ҰБТ өткізу мерзімі 2 аптаға ұзартылды (2015 жылға дейін ҰБТ мерзімі бір аптаны құраған, лектегі білім алушылар саны 800-ге дейін болған).

Жыл сайын тест тапсырмаларының базасы 20-30%-ға жаңартылып отырады. 2014-2015 жылдары база 21 200 тапсырмаға толықтырылды, оның 3000-ы логикалық тапсырмалар.  Егер 2012 жылы математикалық тестте 1 логикалық тапсырмадан болса, 2015 жылы – 2. Республиканың 75 мектептерінен 3500 бітіруші жаңа тесттерді апробациядан өткізуге қатысты. 2016 жылдан бастап ҰБТ-ға функционалдық сауаттылықты анықтауға арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы тапсырмалар енгізіледі.

ҚР БҒМ, жергілікті атқарушы органдар және ҰБТӨП жанындағы мемлекеттік комиссиялар ҰБТ-ны сәтті өткізу үшін қажетті жағдай жасауда.

ҰБТ өткізу пункттерінде ҰБТ өткізуді басқару  және бақылау үшін 2000 Министрілік өкілдері анықталды (әрбір аудиторияға 1 өкіл есебінен). Техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс жасауын қадағалау үшін тестілеу пункттеріне алғаш рет арнайы қызметкерлер жіберіледі.

Облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында ҰБТ өткізу кезінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарының өтініштері мен шағымдарына жедел ден қою үшін ҰБТ-ны өткізу және үйлестіру жөніндегі  штабтар құрылады. Министрлік жанынан Республикалық штаб жұмыс атқарады. ҰБТ жүйесін жетілдіру жалғасуда. 2015 жылдан бастап ҰБТ қорытындысы құпия ақпарат болады, оны жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша ғана білуге болады. Алған балл тізімінде бітірушінің тегі ЖСН-мен алмастырылады. Сондай-ақ, ҰБТ қорытындысыҰлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланатын болады. Сервиске қол жеткізу үшін ЖСН мен емтихан басталар алдында берілетін жеке кодты енгізу талап етіледі.

Анықтама: 2015 жылы Қазақстан Республикасында мектепті 124 379 бітіруші бітіреді; оның ішінде 84 302 қазақ тілінде, 40 077 – орыс тілінде. ҰБТ-ға қатысуға 87 782 өтініш берілді, ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 71% құрайды, оның 62 384-і қазақ тілінде, 25 398-і орыс тілінде оқыған мектеп бітірушілер. 2015 жылы ҰБТ-ға алғаш рет 12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алған бітіруішлер қатысады. Оларға арналып 12-жылдық білім беру бағдарламасы негізінде тест тапсырмалары базасы әзірленді.12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардан 341 өтініш берілді, оның ішінде қазақ тілінде 236 өтініш, орыс тілінде – 105.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here