Home Білім жарысы Алматыда 60 оқушы «Үркер» төсбелгісімен марапатталды

Алматыда 60 оқушы «Үркер» төсбелгісімен марапатталды

0

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов халықаралық және республикалық олимипиадаларда озық шыққан 60 үздік оқушыға «Үркер» төсбелгісін табыстады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Марапатталған оқушылардың ішінде 2014-2015 оқу жылында ғылым және өнер саласындағы додаларға қатысып, үздік нәтиже көрсеткен 9-11 сынып оқушылары болды.

Айта кетейік, өткен оқу жылында 104 оқушы үлкен жетістіктерге жетті. Олардың ішінде 83 бала республикалық, 21 бала халықаралық олимпиадаларда топ жарды. Солардың ішінде 60 оқушы бүгін «Үркер» төсбелгісіне ие болды.

«Құрметті жастар, ұстаздар. Араға жыл салып оқу жылының аяқталған сəтінде ерекше жиын «Үркер» сыйлығын тапсыру салтанатында кездесіп отырмыз. Бұл – үлкен мəртебе. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озатын додаларда жеткен жеңістеріңізбен құттықтаймын. Елбасы: «Дарынды тұлға – халқының ең кымбат байлығы» деп үнемі қолдау көрсетіп келеді. Сол талап үдесінен шығып жатқан талпыныстарыңыз бізді қуантады. Бұл – ата-ана мен оқытушылардың ортақ еңбегі. Дарынды балалар – тек, ата-анасының ғана емес, халықтың мақтанышы”,- деді қала басшысы.

Шара барысында қала басшысы сондай-ақ озат оқушылардың ата-аналары мен оқытушыларына алғысхаттар мен Құрмет грамоталарын табыстады.

Айта кетейік, «Үркер» төсбелгісі 2009 жылы бекітілген. Алты жыл ішінде 1252 озат оқушы аталған белгіге ие болған.

«Үркер» төсбелгісінде Алматы қаласының символы – алма ағашының бейнесі сомдалған. Ағаш жемістері Үркер шоқжұлдызы ретімен орналасқан.

Төсбелгі дарынды жастардың өзгеден оқ бойы биік тұрып, білім көгінде Үркер сияқты жарқырап жол ашатынын көрсетеді.

Гүлмира Ғосманәли

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version