Home Керекті кеңес Ахметұлы Бейсен: қазақ-түрік лицейлерінің жүйесін қалтырып, иесін алмастыру керек

Ахметұлы Бейсен: қазақ-түрік лицейлерінің жүйесін қалтырып, иесін алмастыру керек

0

 ҚТЛ дауы

2015 жылы 15 сәуірде Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен Астанаға ат басын бұрғаны белгілі. Туыстас елдің президентінің келуін жұрт жақсы рымға балады. Күткен үміт пен туысқандық сезім қабысып жатқан мемлекеттік сапар барысында тым көңіл көншітер жаңалықтар болмады. Біздің күткеніміз нақты саяси мақсаттағы және стратегиялық маңызға ие жобаларды жүзеге асыруға нақты қадам еді. Алайда ценерия тым дәстүрлі түрде қайталанды.  Ердоған тек өз еліне ұшар алдында: «Түрік мектептерін жабу керк» – деген бұрыңғы ұстанымын тағы қайталапты. Ол туралы Амангелді Құрметұлы ағамыз Қамшы порталына берген мақаласында былай депті: « Қазақстаннан еліне қайтып бара жатқанда Ердоған ұшақта журналистермен біраз әңгімелесіпті. Сонда бір журналистің «Қазақстанда «параллель құрылымның» 32 мектебі бар. Назарбаевпен кездесуіңізде бұл мектептерді мемлекеттердің бақылауына алу, жабу мәселесі талқыланды ма?» деп сұраған. Ал Ердоған болса: «Мектептердің 28-29-ы Қазақ мемлекетіне беріліпті. Алайда, оларда әлі де 10-15 пайыз түрік мұғалімдер бар. Қалғандары қазақ мұғалімдер. Бірақ, сол қазақтар мен түріктердің тығыз қарым-қатынас жасайтыны белгілі нәрсе. Назарбаевқа: «Бұлар мектептерді мемлекетке өктізді деп алдап жүр Сізді. Түріктердің орынына қызмет жасап жатқан қазақтар да «параллель құрылымның»  тәрбиесін көргендер»,- дедім. Бұл мәселеге қатысты арнайы әзірлеген деректерімізді де Қазақстан тарапына бердік»,-депті. Алайда әлгі журналистердің Н.Назарбаевтың қандай жауап бергенін сұрауға батылдары жетпепті. Қызық. Сөйтіп, Түркия президенті Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлерінің жабылуына мүдделі екендігін ашық айтқан.»

Ердоған мырзаның «параллель құрылымы» – аты әлемді шарлаған Фетхуллаһ Гүлен мен оның жолын қуған Гүленшілер. Бұл топ Түркия елінде және ғаламда зор ықпалға ие  үлкен жүйе. Кезкелген өз ықпалын кеңейтіп отырған елге әсерін етуге фотенциял жинап отырғаны жасырын емес.  Тіптен, қазақстандағы Гүленшілер арнаулы сайыттарын ашып, үгіттерін де тереңдетіп отыр. (http://kz.fgulen.com/ )

Жаңдан тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдарының аумалы-төкеплі кезеңінде Орта Азияға ат басын тіреген «параллель құрылымының»  түрік лицейлері  жемісті еңбек етті. Кейін есін жиған елдер бірден түрік лицейлерін жапты. Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей қатарлы елдер түрік лицейлерін, түркиялық фирмаларды тыйым салынған діни ағымдарды таратты деп айыптап, елденрінен аластды. Олар «түрік лицейлері  «Нұршылар» ағымын таратты» – деп айыптаған.
«Жалпы, дінтанушы ғалымдардың дерегіне жүгінсек, «Нұршылар» Түркияда ең көп тараған жамағат болып табылады. Оның негізін қалаған Сайд Нұр Сейт «Рисале-и Нұр» деп аталатын кітаптар жинағының авторы». («Хроника Туркменистана» (http://www.chrono-tm.org))

Жалпы жүйелі әрі жемісті түрде жұмыс істеп отырған Гүленшілер өз жақтастарын немесе шәкірттерін сол өз елдерінде ықпалды билік орындарына шығару арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға талпыну мүмкін. Бұл туралы Түркімен, Түркия, Өзбекстан, Ресей туралы ашық жазған болатын. Ал біз де неге керісінше?

Бекнұр СЕЙДАХМЕТ: «Қазіргі таңда Қазақстанда да қазақ-түрік лицейлері жетіп-артылады. Сонау 1992 жылдан бергі аралықта ашылған осындай мектептердің саны бүгінде отызға жуықтапты. Алайда, біздің билік Өзбекстан мен Түркіменстан сияқты қадамға барған жоқ әзірге. Түрік лицейлерінде оқитын ондаған мың қазақ жеткіншегі Сайд Нұр Сейттің ілімімен сусындап, «Нұршылардың» қатарын толықтырып жатпағанына кім кепіл?!». (http://nurastana.kz/?p=2405)

Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлы : “Шетелдегі түрік мектептерінің мәселесі бүгінгі таңда қажеттіліктен туындап отыр. Бұған шетелдерден Түркияны жаман атқа қалдыратын арыз-шағымдардың келуі себеп болып отыр. Мұның алдында біз ондай мектептерге барынша қолдау білдірдік, тіпті шетелдерге шыққан кезде түрік мектептеріне кіріп шығатынбыз. Қазір шетелдерде жұмыс істейтін азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар басшылары Түркияны қорлауға қатысты хаттар жазып отыр, тіпті өз Отанына қарсылық білдіруде. Енді олардың кімге жұмыс істейтіні белгілі болды. Сондықтан біз оларға қатысты шара қолдауымыз тиіс”.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева:”Олар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, өкілетті орган, ол бағдарламалардың әкімшісі облыстық әкімдіктер болып табылады. Сонымен бірге олар Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық академия жасаған мемлекеттік оқу бағдарламасымен жұмыс істейді. Ол Білім және ғылым министрлігімен бекітілген. Және ол Әділет министрлігінде тіркелген. Бүгінгі таңда оларды жабу туралы мәселе қозғалған жоқ”.(2014 жылғы сұхбатынан)

a88d015c4041f427f4a679b5454d6504 КТЛ мектептерінің оқыту жүйесін қалтырып, Дарын мектептеріне қосу керек

 «Гүлленшілер» немесе «Нұршылар» болсын, қалай болса да белгілі топтың мүддесі ешқашан есепсіз қалмайтыны белгілі. Неге олардың мықты оқыту жүйесін пайдалана отырып өз идеялогиямызды, мүддемізді көздейтін жүйе құрмасқа?!

  1. 5 сыныпты бітірген оқушылардын сынақ арқылы таңдап алынған көп бөлімі  қазақ-түрік лицейлеріне немесе назарбаев зяткерлік мектептеріне барады.  Оылайша бастауыштық білім ордаларының қаймақтарын жинап алып ҚТЛ мен зяткерлік мектептері әкетеді. Сонымен сол үздік оқушылардан шыққан нәтижені мектеп жетістіктері іретінде дәріптеп,  қарапайым халықтың көзін алдауда. Ал әдеттегі мектептердің білім деңгейін  оқушылардың білім деңгейімен емес  үздік оқушыларды жинап алған мактеп не лицейлердің нәтижесімен салыстырылады.
  2. ҚТЛ мектептері ұлттық және тектік тәрбие беруі жетерсіз немесе өз идеяларын(Гүленшілдер мен Нұршылдардың) барынша сіңіріп отырады. осылайша Түркиядан қуылған «параллель құрылым» қазақстанға келіп бауыр басып қалды. Балалар білімді, діни тәрбие алған. Өкініштісі тегі мен тарихын білуге онша қызықпайтын, әлде бір түрікше уағыз кітаптарын өле жаттайтын топ қалыптасты. Әрине, бәрі болмаса да аз емес. Осылайша қазақтың таңдамалы балалары «ұядан нені көрсе ұшқанда соны алады» деген қағйдамен бірі түріктің бірі ағылшынның мақсатты саясатының құрбанына айналады. Қазақша сөйлегенімен тәбиғаты(менталитеті) мен өмірлік көзқарасы өзгерген рухани кеміс топқа айналады.  Мұның қазақ үшін үлкен жоғалту екенін біреу білсе біреу білмейді. Әдетте көптеген ата-аналар балаларының көп тілді болуы үшін солардан оқытуға талпынады. Тіпті ҚТЛ-ді үздік оқыған оқушыларды түріктер өздерінің түркиядағы жоғары оқу орындарыне немесе Сүлеймен Демирел Университетіне оқуа қабылдап, өз тәрбиелеріне алады. Міне солар Түріктердің адал ұлдарына айналып, қазақылықтан алшақтай береді. Бұл жағдай Непал халқының тағдырын еріксіз еске түсіреді. Бұндай олқы жүйе кесірінен ағылшын тілді непалдықтар  таза непалдықтарды екінші сортты адам іретінде санайтын сана қалыптасты. Бұл оларды рухани тірегінен айырып, непал ұлтын екіге бөлді. Тіпті өзара қақтығысқа дейін ұласқаныны, ең соңында Батыстың рухани құлдарына айналуға мажбұр болғанын естен шығармаған жөн. Осылайша таңдап алған қазақтың талантты ұлдары жаһандануының жемі болып барады.
  3. Оқушыларды қарапайымдар мен ҚТЛ-діктер және ағылшын тілділер сынды жіктерге бөлуде. Тіпті ҚТЛ-діктер қауымдастығы мен Болашақтықтар қауымдастығы деген атпен  құрылған ұйымдар саясатта командаралар  қалыптастырды. Ал қарапайым мектепті бітіргендер екінші сортты адам боп қалуы ықтимал. Бұл Түркіменстанның «Хроника Түркменистана» басылымының: «пантүркілік идеяны насихаттайтын «Нұршылар» қозғалысы түрік лицейлерін бітірген түлектердің Түркіменстанда жоғарғы қызметтердің тұтқасын ұстауына ықпал ететін көрінеді. Түлектердің бірі «ең белсенді шәкірттерді елдегі қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, көші-қон салаларында маңызды қызметтерге орналастыру үшін пара беруден де аянып қалмайды», – деген ситатын еске түсіреді.
  4. Ал 60 пайыз мұғалімдері шет елден келген ағылшын тілді  мұғалімдерден болатын зяткерлік мектептерде де сол жағыдай. Сол мұғалімдерінен көрген тәрбиемен өсіп, ағылшын тілділер менталитетін қалыптастыруда. Тіпті олар өздерін қазақы балалардан жоғары қойып, басқа қазақтарды қор сезінетін сана қалыптастыруда.  Тағы бір айта кетерлігі осы ағылшын мұғалімдердің ішіндер өз елдерінде жұмыс таппаған, психологиялық немесе басқа жақтардан кеміс адамдар болуы да мүмкін.

    Шешу жолдары:

      Сана мен ұлттық  тәрбие қай-қашанда алдыңғы орында тұрғаны дұрыс. Осы мектептерге арнайы ұлттық бағыттағы жүйелі бағдарлама енгізу керек. Аранулы идеялогиялық, мораль тәрбиесін беретін, ұлттық сана  оқулығын дайындау керек.  Жас шамасына қарай дайындалған осы оқулық арқылы жас ұрпақтың рухани санасын оятып, ар-намысн жануға болады. Бұндай тәрбие Жапон елі мен Қытайда, Малайлар мен Индонезияда, Германияда жемісті түрде жүзеге асқан.

    2.    ҚТЛ мен Назарбаев зяткерлік мектептерінің оқыту жүйесін ұлттық болашаққа сай бейімдеу керек.  Тіптен  ҚТЛ-дің оқыту жүйесін қалтырып, дарын мектептеріне қосса керемет болар еді.  Міне осы жүйеге қазақы мінезді мектеп директорлары мен қазақы мінезді шет елден білім алып оралған балаларды жұмысқа тарту , сана тәрбиесі оқулығын енгізу, мемлекеттік тілде берілетін сабақтардың мөлшерін 80 пайыздан түсірмегені дұрыс.  Осы арқылы жоғрдағы кемшіліктердің ұлғаюының алдын алуға, Масондар мен түріктердің  идеалогиялық басқыншылығына ұшыраудан сақтануға болар еді.

    Қортынды

Қазақ: «баламның табанына батқан шөгір маңдайыма кірсін» – дейтін халық. Қазақ ұрпақ үшін өмір сүріп, ұрпақ үшін жан пида еткен халық.  Тәуелсіздіктің тәтті дәмін енді ғана сезіген, беюаз халқымыздың бағын асырып, байтағын гүлдендіру бізге аманат. Білім жүйесіне  реформа жасамау – біздідің ұрпағымызды топастыққа жетелеп, әде бір мүдделі топтардың байлаулы құлына айналдырады. Міне бұл құлдар басқаруға ыңғайлы, кедей, тірексіз де тексіз тобырларға айналады.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының ортаға қойған «Зяткер ұлт»  бағдарламасын өз деңгейінде жүзеге асыру тек санасы мен тәлімі, білімі мен қабілеті қатар өскен өскелең жастардың міндеті әрі солардың ғана қолынан келетін жұмыс.  Қазіргі қазақстанда тәрбиені  білімнен бөліп қару жүйесі – ұлттың болашағын жою мақсатындағы жұмыс. Сондықтан «Сана, Тәрбие, Білім, Қабілет» ұштасқан, тарихи ата-тегімен сабақтасқан ұлттық білім жүйесін, атап айтқанда «сапалық білім жүйесін» қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет. Ар-ұжданы таза азаматтардың атқрар парызы.

Сол үшін қазақ-түрік лицейлерін реформалау керек. Атап айтқанда, олардың оқыту жүйесін қалтырып дарын мектептеріне қосу керек.

2015 сәуір – Астана

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version