18 C
Нур-Султан
21.09.2023

КӘСІПКЕР БОЛУДЫҢ РАХАТЫ МЕН АЗАБЫ!!!

Бизнесте табысқа жету үлкен білімді, үлкен тәжірибені қажет етеді. Ал, өмірі бизенестің сан қырын бағындырумен келе жатқан Ахметбек ағамыз сол білімді ықлас қояр адамға тегін беремін, — дейді. Абай атам айтпаушы ма еді:
Болмасаңда ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, — иә, бай болмақ қайда деп айтпаңыз, Алла сәтін салып, кілтін тапсаңыз, ол сала да сіздің жолыңыз даңғыл болмақ. Кілтін қайдан таппақ керек?
Бұл жерде бүгіннің жол нұсқаушысы, әр қазақ бай, қуатты болуға толық мүмкіндігі бар деп жар салып жүрген Ахметбек ағаның сөзіне құлақ асалық! 10 сәуір Астана қаласы Еуразия ұлттық университетінде тегін сабақ, келіңіз, тыңдаңыз, ой түйіңіз. Ары қарай жолыңызға сәттілік! Біз көп сөйлемелік, бізді емес Ахметбек Нұрсиланы тыңдаңыз!

Ахметбек Нұрсила бүй дейді:

КӘСІПКЕР БОЛУДЫҢ РАХАТЫ МЕН АЗАБЫ!!!

Рас, кәсіпкер болып көрмеген адам бұны түсіне бермесі анық. Сорпаның ыстық не жылы екенін ішпесеңіз қалай білесіз?
Бірінші рахатын айтайық: ( Қате айтып жатсам кәсіпкер ағайындар түзей жатар)
1. Ең бірінші Кәсіпкерліктің беретін рахаты: Егемендік! Мойындағы шынжырдан құтыласыз! “Қашан тұрамын, қайда барамын, не істеймін” өзіңіз білесіз! Ешкім сізге бұйрық бермейді! Тойға барасыз ба, дем алысқа барасыз ба, үйде ауырып жатасыз ба? Ешкімнен сұранып керек жоқ!!! Қандай РАХАТ!! Қай халық болсын армандаған ЕГЕМЕНДІК қой, соны аласыз!!! Мен тек осы бірінші рахаты үшін ғана бәрін тастап Кәсіпкер болып кетер едім!
2. Екінші рахаты: Қанша жұмыс істесеңіз де, қай уақытты істесеңіз де, қанша қажыр қайратыңыз бен өзіңіздің барлық таныстық, жанашырларды көмекке шақырып істесеңіз де білесіз: Сіз өзіңізге істеп жатырсыз (А не на дядю!). Өзім дегенде өгіз қара күшім бар!
3. Үшінші рахаты: Алла ісіңізге сәтін берсе (Жалықпаған адамға, ізденген адамға Алла тағала міндетті түрде ерте ме кеш пе береді) табысыңыз сізді финанстық тәуелсіздікке жеткізеді. Енді: Үйді қалай аламын немесе саламын, қандай көлік аламын, ауыра қалсам қалай емделемін, шешемді, бала шағамды қалай асыраймын деген сұрақтарды ұмытасыз!!!
4. Төртінші рахаты: Сіз ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ жасай алатын жағдайға жетесіз!! Бұрын жоқтық жомарттың қолын байласа, енді сіздің жүрегіңіз жылы да жұмсақ болса: Ағайын туғанға, жетім жесірге, ауылыңызға, достарыңызға қол үшін бере аласыз! Бұл деген де керемет РАХАТ сезімге бөлейді адамды! Бұрын кімнен көмек сұрасам деп жүрсеңіз, енді кімге көмек берсем деп ойлай аласыз!
5. Бесінші рахаты: Сіз қартайғанда қалай күнімді көремін? Пенсиям қанша болады? Ол дұрыс өмір сүргеніме жетеді ме деген қорқыныштан ада боласыз! Өміріңізге сенім пайда болады!
6. Алтыншы рахаты: Сізде, бизнесті бір жүйеге қойып алған соң өзіңізге деген уақытыңыз көбейеді. Сіз шет елдерге, спорт залдарға, кітап оқуға уақыт табатын боласыз!
7. Тағысын тағы. Мен тек маңыздыларын жаздым.
Енді азабын жазып көрейін:
1. Бірінші ең бастысы: ЖАУАПКЕРШІЛІК!! Өз өміріңізге және соңыңыздан ерген адамдар үшін енді СІЗ ЖАУАПТЫСЫЗ!! Бұл жүрекке қауіп, қорқыныш ұялатады! Ұйқыдан қашасыз!
2. Екіншісі: Ең басында сіздің өміріңіз күрт өзгереді: Қызығынан қиыншылығын көбірек көресіз! Мүлде ақша болмай, тіпті қарызға кіріп кететін кездеріңіз болуы мүмкін!!
3. Үшіншісі: Ұйқы қашатын болады. Бұрын күректі тастаған соң жұмысты ұмытатын болсаңыз енді 24 сағат сіздің миыңызды жұмыс жаулап алады!
4. Төртіншісі: Кейде өзіңізден түңілетін кездеріңіз болуы мүмкін: Бастаған ісіңіз бірден алға жүріп кетпесе: «Менің қолымнан ештеме келмейді екен, мен бір сорлы адам екенмін» деген ойлар да келеді
5. Бесіншісі: Көп адамдармен араласып, көп адамдарды жек көріп кетуіңіз мүмкін: Кредит бере қоймаған банкирлер, жалақымды уақытында бермедің деп қаныңды ішетін жұмысшылар, Сан эпидемстанция, Госс стандарт сияқты мекмемелерден келген тексерушілер, араласпай кеттің деп ренжитін дос туыстар
6. Алтыншы: Көмек сұрап, көмектесе алмасаң теріс айналатын туыстар мен достар да көбейеді
Бұл әрине түгел тізім емес.
Мен өз басымнан өткерген жайларды жазып отырмын. Басқа кәсіпкерлер толықтай жатар
Енді таңдау өзіңізде!!

Ал, бизнес треникке байланысты өзге сұрақтарыңыз болса маған хабарласыңыз:
Аятжан Ахметжан 87029318008.

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Өзім бұрыннан армандаушы едім, кәсіпкерлікпен айналысуды үйренсем деп, бірақ кітап жүзінде емес, жәй сөзбен тақтаға жазып емес, нағыз кәсіпкердің өзінен!!! Армандай білсең, бәрі де орындалады екен ғой! Ахметбек ағаның бизнес бастау жөнінде мастер-класстары, тренингтері осыны дәлелдейді.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...