12 C
Нур-Султан
03.06.2023

ДӘУРЕН АҚСАҚАЛОВ. МЕН ҚАТЕЛЕСПЕППІН

«Мамандық таңдауда, жар таңдауда қателеспеу керек» дегенді сіз де естігенсіз, ол анық.
Мектепті 44 түлек бітірмекпіз. 44 өмір, 44 арман. Алда ҰБТ. Қалаған мамандығымызға түсу үшін, белгіленген төрт пəннен өзге бесінші пəнді таңдадық. Сыныптағы «заңгер, «дəрігер», «банкир», «археологтардың» арасындағы жалғыз «режиссер» болдым. Əдебиет пəнін таңдаған мен ғана. Иə, арманым — кино түсіру болатын. Көзді ашып-жұмғанша, ҰБТ-дан бір-ақ шықтық. Үш сағатта дүние төңкеріліп барып, орнына келгендей сезіндік-ау. Тест қорытындысынан кейін сыныптың біразы есі шыға қуанып жүрсе, еңсесі езіліп бір топ құрдас қалды. Мен де жұбату естігендердің қатарындамын. Бабымыз кемдеу болды ма, балымыз төмендеу болып, ендігісін бағымыздан көреміз деп шештік. Грантты біржола ұмыттық.
Алматы. Анам екеуіміз АГУ-ден шығып, ҚазҰУ-ге бет алдық. Одан соң, Жүргенов атамыздың атындағы қара шаңыраққа соқпақ ойымыз бар. Ол қара шаңырақ арманым емес пе? Осы оймен əсем қаланың əдемі көшесінде келе жатқанда, əбіржулі баласына, абыржулы анам: «Қайсысына түсесің?» дегенде, қандай құдірет сөйлеткенін: «Қайттық, Шымкентке түсемін» деппін. Тарттық Шымқалаға. Қош, кино!
10402690_240874476104764_2717540467923833312_nТамыздың таңы. Оңтүстіктің тамызы. Патша-күннің қаһарына ілінбейік деп, таң салқынында «Пединститут ашылыпты» деген əңгіменің ізімен Байтұрсынов көшесіне аяңдадық. Ғимараты ескілеу, бірақ жап-жаңа орданың «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» деген аты-жөнін білдік. Ұстаздар дайындайтын орда! «Мен осында оқуым керек. Иə, осында оқимын» деген ой сəулесі түйсігімнің түкпірінен қылаң берді. Күдіктерім үміттермен томыртқаланды. Мен осылайша мамандығымды таптым. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, анам да мектепте ұстаз болғандықтан, бұл мамандық маған жат емес сияқтанды, солай болып шықты да. Тіпті, мен басқа мамандықты таңдап қателеспегеніме қуандым. Мəселен, режиссураны таңдағанымда не болар еді?
ОҚМПИ менен, яғни оқушы Дəуреннен-жас ұстаз Дəуренді жасап шығара алды. Менің бұл ойыма іс-тəжірибеде болған сəттерде көзім жетті. Мен мамандығымды сүйемін. Əдебиет… Бұл сөз ешқандай анықтаманың ауқымына сыймайды. Ұстаздық-ұлы мамандық! Мен бірінші таңдаудан қателеспеппін. Алда, екіншісі…

ДӘУРЕН АҚСАҚАЛОВ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...