Санатов Дәулет. Қасым атамызға арнау

Суретте Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет істеген ардагерлермен кездесу сәтінен. ҚР еңбегі сіңген қайраткер, профессор, әскери ғылымдар докторы, полковник К.С. Серікбаевпен бірге.

Жасанған жау келгенде елімізге
Көз алартып кең-байтақ жерімізге.
Намыс туын көтеріп қарсы шыққан,
Мың алғыс Қасымдайын ерімізге!

Қайғының қара түнін серпіп көктен,
Жеңіс күнін әкелді көптен күткен.
Бауыржан, Қасым, Әлия бастаған ел,
Соғыста қан мен терін қатар төккен!

Сол ердің бірі – Қасым топты жарған,
Орманда партизанға болған қорған.
Өшпейді ерлік ізі Қасым салған!
Жұлдызың жарық болсын көкте жанған,
Мың мәрте таағзым етем, ата, саған!

Санатов Дәулет
«Арыстан» мамандандырылған лицейі 11 сынып оқушысы.
Қасым атамызға арнауЖетекшісі қазақ тілі мұғалімі Терлікбаева М.Ж.

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version