20 C
Нур-Султан
26.07.2021

НАРСЕИТОВА ФАТИМА. Өзіңнен баста!

Әрбір ұлағатты ұстаз өз өмірінде тәлім-тәрбие беретін тәжірибе жинайды, жинақтайды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндейді. Атқарылған жұмыстарын ой елегінен өткізіп, таразының екі басына салып саралайды, қорытындылайды. Тәрбие жөнінде жанымды жаншып жүрген жағдаяттар жайлы аз-маз ой қозғасам, ойлыларға ой салар, балғын балалар болашаққа үкілі үмітітпен үңілер деген ізгі оймен ой бөліспекпін. Тәрбиенің негізгісі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген — ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиені жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағылым болары сөзсіз. Сонымен сөз басын қазақ халқының даналығы мен халық педагогикасын байланыстыра баяндауды жөн көрдім.
Ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан халық тағылымы – ескірмей, заман ағымымен өзгеріп, өсіп-өніп отырады. Әрине, оны өшіретін де өсіретін де — тіршілік иесі Адамзат. Сана-сезіміңді селт еткізер сенімді, ар-ұятыңның аражігін айқындайтын игі істерді шашпай-төкпей көненің көзіндей сақтап, келер келешекке, көпшілік бойына қан тамырындай тарататын да сіздер мен біздер.
Қазақ халқының даналығы, тәрбие тағылымы – тамыры тереңде жатқан қазына. Сондықтан, тәрбиенің діңгегін босатпай, тілімізді сұр жыландай шұбарламай, тектілікпен, тұрақты сөз тіркестерімен сөзімізді сүйектен өтіп, жүрекке жететіндей мағыналы, мазмұнды сөз саптауымызбен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу борышымыз.
Өткендердің өнегелі өсиетін, даналардың дара дарындарын дәріптеп отыратын – халық, көпшілік және бұқаралық ақпарат құралдары. Мақала жазатын кісінің тілі шұрайлы, бірақ найзаның ұшындай үшкір, керек кезінде сөзбен түйреп алатын, ал кейде әсерлі сөзімен үйіріп алатын, сөздік қоры мол болуы шарт. Бұл – әрбір қаламгерге қойылатын таудай талап болуы тиіс. Батырға айбат, батылға қайрат бітірген, қайсар ұлтымыз қазақ елінің еншісіне гауһар — жақұттай боп төгілген құдіретті тіл – АНА тілі. Ана тілінің құдіретін жақұттай жарқырата білсек, үлкен бақыт.
Барша қазақ мұғалім жұртшылығы жұдырықтай жұмылса, бар күш-жігерін тәрбие саласына салса, көпшіліктің арқасында талғамы таудай, ғасырлар бойы ғибрат беретін ұлттық тәрбие тағылымын тайға таңба басқандай таңбалайды.
«Тегінде ең берекелі де парасатты тәжірибе — әрине халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек-ті» дейді қазақтың көрнекті ақыны М.Әлімбаев. Қандай керемет, ғанибет, ғибраты мол сұрыпталған-сүрленген сүр ойлар десеңізші…
Бүгінгі таңда ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасына таңдай тақпай тұра алмайсыз. Бірде шалқар көлдей, ал бірде сахара шөлдей болатын тайғанақ қылықтарына көз ілеспейді. Жанарың тайып кетсе, интернет желісімен виртуальдық жылдамдықпен көзден ғайып болардай сезімде жүресің.
Ал ата-бабаларымыз балаға болашағым деп қараған, игі де зор үміт артқан, ата-ананың, халқының арманын ұрпағына аманат еткен. Сол аманатқа біз салауат етіп жүрміз бе? Ата-бабаларымыз өшпес ізгі дәстүрдің өнегесімен біздерді баулыды. Біздер-тәртіпті тәлімгер тәрбиесінің төліміз.
Бірыңғай тәрбие жүйесі жалпы білім беретін мектептерде 80 жылдардың ортасына дейін тұрақты болды. Ал қазіргі таңда, тәрбие жұмыстары тұрақты бір жүйемен жүргізілмей келеді. Бүгінгі таңның таудай талабы – білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу. Білім берудің мазмұны, мақсаты өзгерді. Осыған орай, тәрбие жұмысының да жүйесіне өзгерістер енгізілуде.
Жастарды заман талабына сай жаңаша көзқараспен тәрбиелеу үшін, тәрбие жұмысының қыр-сырына шығармашылықпен терең бойлайтын, жан-жақты ойлайтын озық ойлы, оқытудың жаңа тәсілдерін жетік білетін, сенімді білімдар мамандар тартылуы тиіс. Яғни, айтпағым, тәрбие – телегей теңіз, оның тереңдігін төзімді де талапты, тұңғиығын жетік меңгерген, жұмбақ құпияның қыр –сырын меңгерген білікті-білімді басшы маман ғана бойлай алады демекпін.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Бірқатар өңірлерде көше, мектеп, университет атаулары өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия қортындысы бойынша мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқада кейбір құрамдас бөліктеріне атау...

Болашақ журналистерге: Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден университетке түсіп кетемін деген түсінік жоқ. Әрине, бұл шығармашылық емтихан тапсыратындар үшін. Олар үшін тестілеу – алғашқы қадам ғана. Оларды...

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады. Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер...

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар! 2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады. Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш...