19 C
Нур-Султан
26.09.2022

ҚР Білім және ғылым министрлігінде лицензиясы тоқтатылған кезеңде ЖОО-лардың қалай жұмыс жасайтынын түсіндірді

Қазіргі уақытта еліміздегі 22 жоғары оқу орнының лицензиясының әрекеті 1 айдан 6 айға дейін тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.

«2014 жылдың соңында Бас прокуратура мен Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бірлесіп республиканың 32 жекеменшік ЖОО-на тексеріс жүргізген. Бірлескен тексеріс нәтижесінде әкімшілік іс бойынша Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясы (Алматы қ.), Қазақ инженерлік-техникалық академиясы (Астана қ.), «Көкше» академиясы (Көкшетау қ.) лицензиясы қайтарылу үшін сотқа жіберілді, 22 ЖОО-да 1 айдан 6 айға дейін лицензия әрекеті тоқтатылды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті өз бетінше 2014 жылы 31 ЖОО-на жоспарлық тексеріс жүргізген және 18 ЖОО-нына мемлекеттік куәландыру жасаған. Қазіргі кезде 9 ЖОО-да лицензия әрекеті 6 айға дейін тоқтатылған.

Лицензия тоқтатылған кезеңде білім беру барысы жалғасады. Бұл уақыт ішінде ЖОО-на анықталған заң бұзушылықтарды жою қажет, өз қызметтерін білім туралы заңның қағидасына және рұқсат беру мен ескерту туралы заңға сәйкестендіру керек. Лицензия әрекеті тоқтатылған мерзім өткен кезде, алдында анықталған ескертулердің түзетілгенін нақтылау бойынша қайта тексеріс жүргізіледі. Егер қайта тексеріс барысында ескертулер түзетілмесе, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті білім беру қызметінің лицензиясын қайтарып алу үшін заңнамаға сәйкес сотқа әкімшілік іс жібереді.

ЖОО-ның білім беру қызметі тек соттың шешімі бойынша тоқтатылады.

Мемлекеттік бақылау шаралары бірінші кезекте білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау бойынша біліктілігін талап етуге, білім заңы бойынша және білімнің мемлекеттік жалпы білім беру үлгісін орындауды талап етуге бағытталған.

Осылайша, мемлекеттік бақылау тек оңтайландырудан гөрі, ЖОО-ны көбірек ынталандыруға, өздерінің материалдық және зияткерлік ресурстарын жақсартуға және ең бастысы, білім беру қызметінің сапасын көтеруге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы елімізде 55 ЖОО жұмыс істеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің бірінші онжылдығында жекеменшік секторлар белсенді дамыды және 2001 жылға дейін ЖОО саны ең көп санға – 182-ге жетті. Сонымен қатар бәсекелес орта құрылды, ал өтпелі экономикалық жағдайда жастарды жаппай ЖОО-ларда оқыту, оларды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесінің өткірлігін төмендетті.

Алайда ЖОО-лар санының өсуі дайындалып жатқан мамандардың санына да, сапасына да елеулі сәйкессіздік алып келді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2012 жылдан бастап ЖОО-лар желісін оңтайландыру бойынша сапасыз білім беру қызметін көрсететіндерге жүйелік жұмыс жүргізеді. Осы уақыт ішінде ЖОО-лар саны 148-ден 126-ға дейін қысқартылды. Тек қана 2014 жылдың өзінде 5 ЖОО-ның «Экономика және басқару академиясы – Евразиялық нарық институты» (Алматы қ.), Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті (Тараз қ.), Қазақстан-Ресей университеті (Астана қ.), Тараз техникалық университеті (Тараз қ.), Қазақ-қытай академиясы (Қызылорда қ.), білім беру қызметін жүргізу лицензиялары қайтарылып алынды.

ЖОО оңтайландыру барысы 3 құрылыммен : қосу, академия, институт, колледж деңгейіне түсіру, ЖОО лицензиясын қайтарып алу жолымен жүзеге асырылады.

2014 жылдың маусым айында ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен жоғарғы оқу орындарын жаңғырту бойынша республикалық комиссия құрылды. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, құқық қорғау органдарының, Бас прокуратурасының, үкіметтік емес ұйымдардың, ЖОО-лардың өкілдері кірді. 2014 жылы комиссияның 8 отырысы өткізілді, 42 жеке меншік ЖОО-ның қызметі қарастырылды және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына аталмыш министрлікпен бірлесіп жеке ЖОО-ларға тексеріс жүргізу тапсырылды.

ҚазАқпарат

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

​Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 515 автобус сатып алынады

Елімізде мектебі жоқ немесе бастауыш мектебі ғана бар ауылдардың балаларын жақын маңдағы білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдау үшін 515 жаңа автобус сатып алынады. «Балаларды қауіпсіз...

Білім мәселелері бойынша 1450 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс...

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...