-9 C
Нур-Султан
22.03.2023

Ахмет Байтұрсы. Үлес

Қосылып, бірнеше адам ортақтасып,
Үй салып, ортасынан дүкен ашып,
Саудасы жұғымды боп, байып әбден,
Шат болып, көңілдері судай тасып,

Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып,
Үлесіп отыр еді шуылдасып.
«Үй жанып барады!» — деп хабар берді,
Жүгіріп келіп біреу түсі қашып.

«Жүріңдер, — біреуі айтты, — барайық, — деп,
Есепке қайтып келіп салайық», — деп.
Айтады екіншісі: «Мың сомым кем,
Тоқтаңдар, соны әуел санайық», — деп.

«Кем, — деді, — екі мыңым, — және бірі, —
Қараңдар, ап-анық тұр кемі, міне!»
«Қой, — десті өзгелері, — бұл өтірік,
Болмаса керек қате ондай ірі».
Тауыса алман сөздерінің бәрін теріп,
Әйтеуір зор жанжалдың кірді түрі.

Бірталай ерегіспен мезгіл өтті,
Ұмытты, жанжалдасып, бәрі де өртті.
Есептің бітуіне от қарар ма?
О дағы түтіндетіп келіп жетті.
Шығарға жол жоқ, жалын қамап алған —
Бәрі де мал-мүлкімен күйіп кетті.

Ойласақ, уақиға емес болмайтұғын,
Ел қайда өзін даудан қорғайтұғын?
Қазіргі пайдасына бәрі жетік,
Адам аз алдын қарап болжайтұғын.
Аңдысқан бірін бірі жаудан жаман,
Байқасам, ел белгісі — оңбайтұғын.

Бұл белгі табылып тұр біздің жұрттан,
Таласып, бір-бірінің жүзін жыртқан.
Алданып арадағы дау-шарына,
Қатерден қапері жоқ келер сырттан.

-ЖАРНАМА-

2 КОММЕНТАРИИ

  1. Керемет!
    Алаш Арысының әдеби мұрасының заманауи форматта қолжетімді болғаны үшін Сіздерге алғысым шексіз.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...