Home Ұлт діңі Әділхан Есімбай. Мәңгілікке бастар жол

Әділхан Есімбай. Мәңгілікке бастар жол

20

Мен жыл сайын алыстағы ауылда тұратын атама қыдырыстап барушы едім. Ол өте білімдар. Оқымай қалған ауыл академигі десе болады. Биылғы демалысымда атамның ауылына бардым. Баяғыда шаңы бұрқырап жататын жолға бұл күнде асфальт төселіпті. Ауылдағы бұрынғы ескі мектеп орнына үш қабатты жаңа мектеп салыныпты. Қысқасы, ауыл көркейе бастаған.
«Алыстан 6 жасар бала келсе, 60-тағы қария алдынан шығады» дегендей, атам мені қуана қарсы алды. Байқасам, бұрынғы нар тұлғалы атам шөгіпті. Көзі де нашарлай бастаған. Мені әзер таныған ол құшағынан босатпай ұзақ тұрды.
– Айналайын, жаман атаңа жиі-жиі келіп тұрсайшы. Әйтпесе, оқу-оқу деп келуді сиреттің, – деп базынасын айтты. Содан біз үйге кірдік.
– Ата, халіңіз қалай? Мал-жан аман ба?
– Е-е, құлыным, бәрі жақсы. Құдайға мың да бір шүкір.
– Ертең менімен бірге қалаға жүрсеңізші. Сізге Астананы көрсетемін.
– Астананы теледидардан күнде көремін ғой. Құдайға шүкір, біздің ауыл да сенің Астанаң секілді жылдан-жылға көркейіп келеді, – деді атам марқая. Жасы сексеннен асса да әлі ширақ. Ол кісі үзбей газет-журналдар оқитын. Қашан көрсең үстелінде «Егемен Қазақстан», «Айқын», газеттері, «Жұлдыз», «Жалын» журналдары жатады. Бұрын ол өзі оқушы еді, қазір немересіне оқытады екен.
– Иә, ата, бағана көрдім, ауылға жол төсепті.
– Әкім бала ғой төсеген. Өзі іскер.
– Мектеп салыпты.
– Е-е, мектепті салдық… Біздің заман өтті. Ендігі заман – сендердікі. Мемлекет болашағы – мына жүгермектер, – деп есік алдында ойнап жүрген немерелерін нұсқады.
– Қалайша?
– Е-е, сен әлі баласың, көп нәрсені біле бермейсің… Біздің тарих тым тереңде. Баяғыда Қазақ хандығы құрыла салысымен, оған көз алартқан жаулар көп болды. Әсіресе, жоңғарлар. Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген нәубет бар. Сол нәубетте жоңғарлар ауылдарды тоз-тоз, еркектерді – құл, әйелдерді – күң етті. Ақыры, бір шешімге келген қазақ атқамінерлері бар күшті жинай, жоңғарларға соққы бермек болды. Берді. Жеңді. Бұл соғыс тарихта «Аңырақай» деген атпен қалды.
ХIII ғасырда қазақтар Орыс патшалығына бағынышты болды. Ал, 1916 жылдары елде Кеңес үкіметі орнады. Әрине, бұл үкіметтен де қазаққа ешқандай пайда келмеді. Мұны Алаш зиялылары баяғыда-ақ білген еді. Бірақ, үкімет оларды жаппай қудалады. Сонымен, қазақтарды жаппай қырған ең алғашқы нәубет – 1930-жылдары басталды. Ашаршылық. Сол жылдары халық аштықтан қырыла бастады. Шамамен миллионнан астам адам осы аты өшкір аштықтан өлген шығар. Қаншама адам көмусіз қалды. Ит-құсқа жем болды. Өкінішті. Ол аз ба, аштықпен бірге репрессия қатар жүрді. Қазақтарды өрге сүйрейді-ау деген небір зиялыларды үкімет жаппай соттады, атты, өлтірді. «Қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырады», 1941 жылы жарты әлемді қан сасытқан Ұлы Отан соғысы басталды. Бұл соғыста да талай қазақ қырылды. Содан соғыс біткен соң ғана біздің Қазақ Республикасы әрең есін жинады. Бірақ, қылышынан қан тамған Одақ қазақтарды жаппай орыстандыруды бастаған еді. Ділі, тілі, дінінен айырғысы келді. Ақыры, Мағжан Жұмабаев сенген, жүректерінде – жалын, көздерінде от ойнаған Алматыдағы қазақ жастары 1986 жылы Одақ саясатына қарсы көтеріліске шықты. Әрине, империалистер бұл көтерілісті аяусыз басып-жаншыды, не керек. Көтеріліске шыққандарды жаппай қуадалады. Атты, түрмеге тықты. Бірақ, көз жасы жіберсін бе, 1990-жылдары іргесі шайқала бастаған Кеңес Одағы ақыры жер сүзе құлады. 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алды ғой. Сондағы қуанғаным-ай! Көзімнен жас ытқыды. Сол күнді мен жылаумен өткіздім ғой. Бақыттан жыладым. Осы тәуелсіздікке ата-бабаларымыз жете алмай арманда кетті емес пе?
Бірақ, тәуелсіздікке қол жеткізгенімізбен, алдымыздан тағы бір сынақ шықты. Ол – нарық заманы еді. Капиталаизм. Ел ішіне жұмыссыздық белең алды. Ел экономикасы майысқақ талдай сынғалы тұрды. Не істеу керек? Халық жаппай базарларға шыға бастады. Күнкөріс қамы үшін. Сол жылдар – Қазақстан үшін қиын заман еді. Сонда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзім ішінде еңбектеген сәби мемлекетті аяғынан тік тұрғызды. Ғасырлар тоғысында ел жағдайы анағұрлым жақсара түсті. Жұмыссыздар саны қысқарды. Әлеуметтік жағдай күшейе түсті. Елбасы бастамасымен ит байласа тұрғысыз жерден сәні мен салтанаты келіскен жаңа астана тұрғызылды. 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитіне әлем елдері басшылары келді. 2011 жылы Алматы мен Астанада қысқы спорттан Азиада өтті. Бұлар жетістік емей немене? Қазір Қазақстанды әлем таниды десем, қателеспеген болар едім.
Елбасы бір сөзінде «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын» деген. Рас. Қазір әлемде көптеген елдерде дүмпу, көтеріліс орнауда. Ал, біздің ел ондай жоқ. Тәуелсіздік іргесі берік. Құдайға шүкір!
Мемлекет маған не береді деп емес, мен мемлекетке не беремін деген түсінікпен өмір сүрсең, бұл дүниеде сенен асқан бақытты жан болмайды. Ол үшін аянбай еңбек етуің керек. Сонда ғана нәтиже болады. Тек жалқаулар, керітартпалар ғана: «ойбай, Қазақстан осындай екен, мынандай екен» деп түңіле береді. Ондайларға мән берме. Қарап тұрсаң, Қазақстанда еңбек етемін, өсемін деген адамға бар жағдай жасалған. Тек, еңбек етсең болғаны. Мысалы, мен Қазақстанды жыл сайын діңі жуандай беретін алып емен ағашына ұқсатамын. Емен ағашы анау-мынау дауылдарға сына қоймайды. Берік ағаш. Өскенде де жайқала өседі. Қаншама адам жаз күндері емен көлеңкесінде жан сақтайды емес пе?
1Igx7RH_ZQY– Әділхан, адам ұрпағымен мәңгілік жасайды. Мен бүгін бармын, ертең жоқпын. Мен дүниеден қайтсам да, атым өшпейді. Себебі, артымда сендер барсыңдар. Сендер барда мен де бармын… Жүгермек, үйлен, қашанғы жүре бересің. Қазақта сөз бар: «бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген. Мемлекет тірегі – отбасы. Отан – отбасыдан басталады. Егер елімізде отбасы саны көп болса, халық саны ұлғаяды. Халық саны ұлғайса болса, елде өндіріс орындары, шаруа қожалықтары да көбейеді. Өндірісі орындары көбейсе, мемлекет те күшейеді. Мемлекет күшейсе, рухы өр мәңгілік елге айналады, – деп атам әңгімесін аяқтады.
Сол мезетте: «Мен еліме ешқашан масыл болмаймын. Керісінше, елімді мәңгілік елге айналдыру жолында аянбай тер төгемін» деп өз-өзіме уәде берген едім. Атам осы ойымды сезгендей маған жымия қарай берді…

Есімбай Әділхан Сматуллаұлы
1998 жылы ОҚО, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында дүниеге келген.
осы аудандағы М.В.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысымы.

20 COMMENTS

  1. Қазақ халқының көрмегені жоқ. Сонда да сынбады. Өйткені, біз өр рух халықпыз!

  2. “Қазақстанды жыл сайын діңі жуандай беретін алып емен ағашына ұқсатамын. Емен ағашы анау-мынау дауылдарға сына қоймайды. Берік ағаш”. Қазақстан да осылай берік ағаш секілді өсіп-өркендей берсе екен!

    • Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген дегендей, біз қазақ мың өліп, мың тірілдік.

  3. Сонымен қатар, орыстың бір патшайымы: “Егер қазақ өздерінің кім екендерін білсе, онда олар әлемді жаулап алады” депті. Сол үшін кім екенімізді ұмытпайық!

  4. Шығарманың тілі оралымды. Бір деммен оқыдым. Осындай шығармалар көбейе берсін. Сыныптасыма сәттілік тілеймін!

  5. Бұл қазақ не көрмеді? Талай нәубетті көрді. XV ғасырда Қазақ халқы өз алдына хандық құрғаннан-ақ бастарынан қара бұлт сейілмеді. Өздерін тып-типыл етпек болған жоңғарлармен алысты. Содан кейін империя езгісінде болды. Өткен ғасырда қазақтар ашаршылықты да, қуғын-сүргінді де, соғысты да көрді. Көрмегендері қалмады. Сынбады. Берілмеді. Жер бетінен жоқ болып кетпеді. Ақыры, 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізді. Сондағы Жарылқасынның атасының қуанғаны-ай! Жас деген бетін жуып кетті. Сол күні тәуелсіздік таңы атқанда атасы ең бірінші Жаратушы иеге, содан соң осындай кең-байтақ даланы жауға бермей келер ұрпаққа аманат қылған ата-баба әруағына, Кеңес Одағы тұсында қазақ шекарасын жұлым-жұлым етпекші болған арам пиғылдылармен жыланша арбасқан Алаш зиялыларына алғыс жаудырды. Ұлт, тіл, жер мәселесіне келгенде аянып қалмаған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Тұрар Рысқұлқлы сынды марқасқаларды дүниеге әкелген аналарына бас иер еді. «Алып – анадан туады» емес пе?

  6. Махаббат жөнінде жазыла кеткені жөн бе еді. Мысалы, Қыз Жібек пен Төлеген. Осылай қазақ халқының махаббатқа беріктігін көрсетуге болар еді.

  7. Қазақ намысшыл халық қой. Өзі тиіспейді, тигенді аямайды.

  8. Қызық. Қазақ хандығына 550 жыл толғанын ең бірінші Елбасының айтқанына тәнтімін. Ешқандай тарихшы бұл жөнінде жақ ашпап еді.

  9. Елімізге көз алартқандардың іштері күйсін! Біз мың өліп, мың тірілген ұлы елміз!

  10. Орыстың бір патшасы: “Егер қазақ өздерінің кім екендерін білсе, онда олар әлемді жаулап алады” депті.

  11. Қазақ халқы бұрыннан болған. Әрі бола береді. Қазақ мемлекеті болмаған деп ешкім көкімесін. Көкуге хақтары жоқ!

  12. Әңгіме ұнады. Көз алдымнан Қазақ елінің тарихы өте шыққандай болды. Расында Жұбан Молдағалиев жырлағандай, “Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген” демекші, қазақ халқы қанша қиындық, қанша азап көрсе де, жер бетінен жоғалып кетпей қайсарлық танытқанына қарыздармын.

  13. Жалпы, Қазақ елі талай қиындықты бастан кешкен ел ғой. Қазіргі көп жастар осыны түсіне бермейді. Егемендік көктен түсе қалғандай көрінеді. Мына әңгімеден Қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолында бастан кешкендерін білуге болады. Өзіме ұнады. Хронологиялық тұрғыда жазылған соң, жеңіл оқылады.

  14. Тұтас бір тарихты қамтитындай әңгіме. Бір деммен оқып шықтым.

  15. «Осы алған бетінен таймаса, бағытынан жаңылмаса, Қазақстан әлі-ақ бүкіл әлемге қадірлі Мәңгілік Ел болады. Сөзсіз!»

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version